Евразия24Таңдаулы жаңалықтарҚазақстанда 300 мыңға жуық кәсіпорын жабылуы мүмкін

Қазақстанда 300 мыңға жуық кәсіпорын жабылуы мүмкін

|

|

LSM сарапшы Максим Барышевтің мәлімдемесін жариялады: «Өткен жылы жаңа Салық кодексі талқыланған кезде 300 мыңға дейін кәсіпорын мен жеке кәсіпкер жұмысын тоқтатуы мүмкін деп болжаған едім. Қазірдің өзінде былтыр жұмыс істеген 200 мыңға жуық кәсіпкер қызметін тоқтатты. Бұдан бөлек, ресми түрде тіркелгенімен, іс жүзінде жұмыс істемейтін кәсіпорындар да бар. Олар есеп тапсырмайды әрі салық төлемейді. Бұл санаттағы кәсіпкерлерді де назардан тыс қалдырмау керек деп есептеймін. Оларды да есепке алсақ, елдегі нақты кәсіпкерлік белсенділік Ұлттық экономика министрлігі жариялап отырған көрсеткіштен әлдеқайда төмен болып шығады. Меніңше, жыл соңына қарай қызметін тоқтатқан кәсіпорындар саны 300 мыңға жетуі мүмкін», – деді Максим Барышев.

Еуразия24 пікірі:

«Учет.kz» сервисінің негізін қалаушы, Respublica партиясының тең төрағасы әрі Құрылтай депутаттығына кандидат Максим Барышев бұл мәселені 2025 жылдың ақпанында-ақ көтерген еді . Ол ҚҚС мөлшерлемесін күрт өсіру және ҚҚС бойынша тіркеу шегін төмендету шағын бизнестің шығынын көбейтіп, бірқатар кәсіпкерді көлеңкелі экономикаға кетуге мәжбүр етуі мүмкін екенін ескерткен. Ал 2025 жылы 26 маусымда Парламент жаңа Салық кодексін қабылдағаннан кейін Барышев президентке үндеу жасап, құжатты қайта қарауды сұрады . Сол кезде ол жеңілдетілген салық режиміндегі кәсіпкерлерге B2B қызмет көрсетуге қойылған шектеулердің салдарынан 200 мыңға дейін компания жабылуы мүмкін екенін айтқан.

Ал Ұлттық экономика министрлігінің деректері елдегі кәсіпкерлік белсенділік туралы қандай көрініс береді? Министрліктің мәліметінше, биылғы жылдың бірінші тоқсанда 207,9 мың жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқан .

Бір қарағанда, бұл Барышев айтып отырған көрсеткішке өте жақын. Алайда Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 207,9 мың кәсіпкердің барлығын бизнестен біржола кетті деп есептеуге болмайтынын атап өтті. Олардың 39,2 мыңы өзін-өзі жұмыспен қамту тәртібіне көшкен, 11,8 мыңы басқа компанияларда басшылық қызмет атқарған. Ал 94,2 мың жеке кәсіпкердің 2025 жылы мүлде табысы болмаған.

Бұдан бөлек, Ұлттық экономика министрлігі бизнестегі қазіргі жағдайды бағалау үшін басқа деректі негізге алады . 2026 жылдың алғашқы үш айында 62 557 кәсіпкерлік субъектісі жұмысын уақытша тоқтатқан. 2025 жылдың сәйкес кезеңінде мұндай 25 561 жағдай тіркелсе, 2024 жылдың бірінші тоқсанында олардың саны 29 690 болған. Ал ресми есепте қазір 184 906 белсенді емес кәсіпорын бар. Олардың арасында бірнеше жылдан бері жұмыс істемей тұрған компаниялар да болуы мүмкін.

Осы деректерді салыстырсақ, Максим Барышев көтерген мәселеге негіз бар екенін көруге болады. Кәсіпкерлік белсенділіктің төмендегенін көрсететін белгілер байқалады. Алайда оның атаған сандарын бизнестен нақты кеткен кәсіпкерлердің саны ретінде қабылдамас бұрын, ресми статистиканың қалай қалыптасқанын және әр санатқа қандай кәсіпкерлер кіретінін жеке қарастырған жөн.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда жасөспірімдердің әлеуметтік желіге тіркелу тәртібі қатаңдатылуы мүмкін

Үкімет қолданыстағы заңға 16 жасқа толмаған азаматтардың онлайн-платформаларға тіркелу тәртібін реттейтін түзетулер әзірледі. Қазір бұл өзгерістер Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының қарауында.

Татьяна Савельеваның Қорғаныс министрлігіне тағайындалуы: бұл шешімнің мәні неде?

Бүгін Қорғаныс министрінің орынбасары болып Татьяна Савельева тағайындалды. Ол – тәжірибелі қаржыгер, ұзақ жыл бойы бюджет мәселелеріне жауапты қаржы вице-министрі қызметін атқарған, кейін Мәжілістің бюджет комитетін басқарған маман.

Венесуэла алтыны: өзгелерге сабақ болған оқиға

Венесуэланың резервіндегі 31 тонна алтынның Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі тек оның сақталатын құқықтық кеңістігін өзгертеді. Ал Каракас үшін жағдай сол күйінде қалды: ел өзіне тиесілі алтынға қол жеткізе алмай отыр. Венесуэла билігінің алтын қорын елге қайтару әрекеттерінің нәтижесіз аяқталуы басқа мемлекеттерге де маңызды сабақ болды – стратегиялық резервті өз аумағында сақтау анағұрлым қауіпсіз. Осыдан кейін Ұлыбритания қоймаларында алтын сақтайтын бірқатар ел бағалы металды өз аумағына қайтару ісін жандандыра түсті.

Қазақстандық дарынды оқушылар халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетудеҚазақстандық дарынды оқушылар халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетуде

Азамат Аймұратовтың жетістігіне қуаныштымыз. Сонымен бірге 2026 жылы қазақстандық оқушылар түрлі зияткерлік бағыттарда жоғары нәтиже көрсетіп жүргенін де атап өткен жөн. Халықаралық математика олимпиадасында Қазақстан құрамасы үш күміс және үш қола медаль иеленді.