Евразия24Таңдаулы жаңалықтарЖетімнің жанайқайы: Қонаевқа көшіру әрекеті неліктен тоқтатылды?

Жетімнің жанайқайы: Қонаевқа көшіру әрекеті неліктен тоқтатылды?

|

|

Астана. 21 шілде.Қазақстан Президентінің кеңесшісібаспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың мәлімдеуінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы «Баганашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Қонаев қаласына көшіру жөніндегі жоспардан бас тартуға тапсырма берді.

«Алматы қаласындағы «Баганашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Қонаевқа көшіру мәселесіне байланысты қалыптасқан жағдаймен танысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, оқу процесінің оңтүстік астанада жалғасуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ бұл мекемені қаланың балансына қабылдауды тапсырды», – деп жазды Руслан Желдібай ресми хабарламасында.

Президенттің тапсырмасына сәйкес балаларды көшіру тоқтатылды. Сонымен қатар туындаған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеру жүргізетін болады. Баспасөз хатшысының айтуынша, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың заңмен кепілдендірілген барлық құқықтары толық көлемде сақталады.

Евразия24:

Алматы қаласындағы «Баганашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Қонаев қаласына көшіру әрекеті қоғамда кең талқыланып, өткір сынға ұшырады. Жалпы саны 171 баланың шамамен 40-ы ғана жаңа орынға жеткізілген. Қалған балалардың наразылығы полициямен қақтығысқа ұласқан. Осы оқиға кезінде бір тәрбиеленуші қыздың денсаулығы нашарлағаны хабарланды.

Бұл жағдайға байланысты бұрынғы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин өзінің Facebook парақшасында көшіру сәтінен бейнежазба жариялап, атқарушы билік өкілдерін бала құқықтарын бұзды деп сынға алды.

«Балалардың пікірінсіз, келісімінсіз Алматыдан Қонаевқа көшіру – БҰҰ Балалар құқықтары туралы конвенциясына және Қазақстан заңнамасына қайшы әрекет. Балалар өздеріне қатысты шешімдерге – тұратын жері, білімі мен болашағына қатысты мәселелерге – қатысуға, өз ойын айтуға және не болып жатқанын білуге құқылы», – деп жазды Саин.

Оның айтуынша, бұл әрекет мемлекет тарапынан заңмен кепілдендірілген бала құқықтарының ескерілмегенін көрсетеді. Ең маңыздысы – бұл жағдайға тек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қана назар аударғаны. Егер мәселе дер кезінде көтерілсе, мұндай шиеленісті жағдай болмас еді.

Президенттің тапсырмасымен балаларды көшіру тоқтатылып, «Баганашыл» балалар үйі Алматы қаласының балансына беріледі. Сонымен қатар, орын алған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі аясында қызметтік тексеру жүргізілетін болды.

Бұл оқиға орталық және өңірлік билік арасындағы сенім мәселесін де айқын көрсетті. Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының атына сын айтылып, бұл жағдай оның саяси беделіне теріс әсер етуі мүмкін екені де айтылуда.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Бешпармақ. Инженер толғанысы. ҚАЗІРГІ МОҢҒОЛДАР. АРИФМЕТИКАЛЫҚ АҚИҚАТ

Бразил-ия немесе Итал-ия деген сияқты, орыстар бұрмалап, «Монғол-ия» деп атап кеткен Мәңгі Елдегі қазақ руларының ескі жұртына (яғни, босап қаған жерлерге) біртіндеп тегі мен тілдік тобы жағынан тұңғыстар мен буряттарға жақын оңтүстік Сібірдің шағын халха, чахар және ойрат тайпалары қоныстанды. Әлемнің әр түкпірінен ұлан-ғайыр Солтүстік және Оңтүстік Америка құрлықтарына көшіп барған жүздеген ұлт өкілдерін «америкалықтар» деп атайтынымыз сияқты, олар да тұрғылықты жер атауы бойынша «моңғолдар» деген жаңа есімді еншіледі. 

Ата-ананың бала тәрбиесіне уақыты жетпей ме?

«Қазақстанда әр жетінші ата-ана жұмысбастылыққа байланысты балаларына жеткілікті уақыт бөле алмайды. Бұл дерек Балалардың әл-ауқаты индексінің қорытындылары аясында жүргізілген ауқымды әлеуметтік зерттеу нәтижесінде анықталды. Зерттеуге 93 120 адам қатысты, олардың ішінде 52 754 ата-ана және 40 366 оқушы бар.

Жасанды интеллект – сиқыр емес: Константин Полунин Қазақстан экономикасының шынайы мәселелерін атады

Boston Consulting Group компаниясының серіктесі әрі директоры Константин Полунин «Қазақстан бәрін бір мезетте іске асырғысы келеді. Оның ішінде логистикалық дәліз де, жасанды интеллект те, өзге де ірі бастамалар бар. Бірақ, өкінішке қарай, өмірде ғажайып болмайды.

Қысқа мерзімдегі үлкен міндет: Тоқаевтың Үкіметке тапсырмасы нені білдіреді?

Мемлекет басшысы премьер-министр Олжас Бектеновке осы жұмыс аптасының соңына дейін Үкімет әзірлеген экономикалық реформалар бағдарламасының орындалу барысын ретке келтіруге бағытталған нақты шаралар жоспарын ұсынуды тапсырды.