Қазақтардың Жаппай Қоныс аударуы қызған шақта, яки, 1235-жылы өткен Мәңгі Ел Құрылтайында Еуропаны бағындыру мақсатындағы әйгілі Батыс Жорығы туралы шешім қабылданды. Көркем әдебиетте бұл туралы: Жеңіс Хан көзі тірісінде «соңғы теңізге жорыққа шығуды» армандаған, қайтыс болған соң, ұрпақтары оның сол арманын орындағысы келіп, әлгі жорыққа аттанған… дегендей мәнде жазылады, сол орайда небір романтикалық ертегілер де шығарылады.
Шынтуайтында, қомақты материалдық шығындарды талап ететін, адам шығыны көп болатын кез-келген аламан жаугершілік бекерден-бекер болмайды, сол сияқты, Батыс Жорығын бастауға да маңызды саяси және экономикалық себептер түрткі болған. Енді соларға тоқталайық.
Қазақтардың Жаппай Қоныс аударуымен қатар, орыс князьдіктерінің аумақтарын Бірыңғай Экономикалық және Кедендік Одақтарға қосып, оларды Федерацияда өндірілетін қой жүнін жаппай сататын негізгі нарықтарға айналдыру мәселелерін шешу қажет еді.
Соған орай, Сыртқы Барлау Қызметі Мәңгі Елдің жаңа басшысы, Жеңіс Ханның үшінші ұлы Оқытай (орысша Үгедей) Ханға Русьтегі саяси және экономикалық жағдайдың қиын екенін, оның Федерация жоспарларына қауіп төндіретінін баяндады.
Егер ғаламтордан сол заманғы Русьтің ахуалы жайлы оқысаңыздар, біраздан соң-ақ орыс Князьдары арасындағы бітпейтін қырқыстардың ұзақ-сонар тізімінен жүрегіңіз айнып кетеді. Орыс Билеушілерінің бәрі бірдей жүйке ауыруына ұшыраған қанқұмар жендет болғанына сену қиын, әрине. Бірақ, «мемлекеттік қызметіне» қарап, оларды есуас қанішерлерге теңемеске амал жоқ.
13-ғасырдың алғашқы 30 жылында Русь әскери қақтығыстардан көз ашпаған (10 жылдың ішінде 75 соғыс болған!), соған қарағанда, сырт біреу орыс Князьдарын бір-біріне айдап салып, өштестіріп отырған. Оның бәрін жүйелі түрде ұйымдастырып, басқарып отырған үшінші тарап кім болды екен десек, осы арада көршілес Қасиетті Рим Империясының «құлағы қылтияды».
Енді осынау атақты мемлекеттік құрылым хақында бірер сөз. 10-19 ғасырлар аралығында дәуірлеген Қасиетті Рим империясы – жүздеген корольдіктерден, князьдіктерден, округтер мен қалалардан тұратын герман, поляк, чех, итальян, венгр, француз аумақтарын қамтыған саяси бірлестік. Осы заманғы Еуропа Одағы соның үлгісімен құрылған.
Қасиетті Рим империясының негізі Германия болған, оның «Бірінші Рейх» деген немісше атауы да осыдан шыққан. 12-ғасырдағы біршама белгілі император, крест жорықтарын ұйымдастыруды жаны сүйген Фридрих Екіншіні Барбаросса деп атаған. Екінші дүниежүзілік соғыста Гитлер германдық «Үшінші Рейх»-тің КСРО-ға шабуылының стратегиялық жоспарын «Барбаросса жоспары» деп атап, осы есіммен байланыстырған.
Қасиетті Рим империясы әсте «бейбітшілік, демократия, еркіндік сияқты еуропалық құндылықтардың тірегі» болған емес, тек өзінің саяси және экономикалық ықпалын тарату мақсатымен соғысуды ғана білген.
Орталығы Ватиканда орналасқан Католик шіркеуіне кезінде Империяның құрамындағы мемлекеттердің қисапсыз көп Билеушілерінің билігін заңды деп тану тапсырылған болатын; сонымен бірге, әр апта сайын «Құдайдың сүйген құлы» туралы, «Бәріне төзіп, басқаларға да (төзуге) әмір еткен Мәсіх» туралы және «Қиямет-қайым» туралы жексенбілік уағыз-дәрістер өткізу жүктелген: сол уағыздардың көмегімен қарапайым халыққа тура өздері сияқты адамның (Лорд, Король, Императордың) неге олардың Иесі болып отырғаны, ал, олар неге оның бағынышты құлдары болуға тиіс екендігі түсіндірілген.
Өздерін заңды деп танығаны үшін еуропалық Билеушілер католик шіркеуінің басшысы – Рим Папасына алтынмен ақы төлеп тұрған. Ол алтынға Рим Папасы өзіне Ватиканды салып алғанымен қоймай, 30-дан астам қарулы «бауырластары» – Тевтон, Тамплиер, Мальтия және басқа неше мыңдаған діни-рыцарьлық Ордендерді қаржыландырған. Осынау кәсіпқой кісі өлтіргіш «монахтар» халықтарды католик дініне мәжбүрлеп, Империяға бағындырудың қуатты әскери құралы ретінде адал қызмет етті.
Католик шіркеуімен саяси мақсатта ынтымақтасқан Император, зор экономикалық та мүдде көздеген еді. Оның мәнісі былай.
Шіркеу империяның қарапайым халқын Крест жорықтарына аттануға шақырып, сонау алыс Палестинада христиан діні мен оның киелі жәдігерлерін, соның ішінде, Құдайдың Табытын мұсылмандардан қорғап, дін жолында өлудің қажеттігін сауатты түсіндірді. Шын мәнінде, шіркеудің алдауына түсіп, Крест жорығына қатысқан сарбаздарды Арабия түбегіне өлімге айдаған Бірінші Рейх – Үндістан мен Африкадан Еуропа елдеріне тартылған араб сауда жолдарына қол салып, кедендік төлем, акциздер мен транзит ақысын алып отыруды көздеген болатын. Арабтар өз бизнестерін қорғап, табанды қарсылық танытты. Сөйтіп, Қасиетті Рим империясы 3 ғасыр ішіндегі бірнеше Крест жорықтарында Палестинаның құмды шөлінде ондаған мың аңғал діндарлар мен оңай олжа іздеген жанкештілерді опат қылды.
Міне, қазір де Батыстың осы заманғы «кресшілері» «арабтардың бостандығы мен демократиясы үшін күресеміз» деген тәтті желеумен Суэц каналы мен Арабияның мұнай ресурстарын бақылауға таласып, араб елдерін талқандауда. Бүгінде жұрттың жиіркенішін тудырып, жалықтырған бұл тақырыпты қойып, енді ИЛИМ-нің (ИГИЛ) (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) лаңкес-исламшыларымен күресуге кірісіпті.
Халқы тым көп Бірінші Рейх көптен бері Русь жеріне көзінің сұғын қадап, оны басып алудың амалын жасай бастаған. Сол үшін орыс Князьдарының арасында өзара соғыс отын тұтатты, Польша, Венгрия және Литва сынды көрші корольдіктермен қақтығыстарға арандатты. Орыс князьдіктеріндегі билік үшін соғыста алма-кезек біресе бір тарапқа, біресе екінші тарапқа көмектесе отырып, Еуропа Одағы орыстарды орыстар өлтірген соғыс өртін өшірмеуге, қайта өршіте түсуге тырысты. Сөйтіп, орыстардың өз қолымен экономикасын барынша құлдыратып, халқын барынша азайтуға күш салды.
Ақыры орыс князьдіктерінің табиғи шаруашылыққа негізделген онсыз да нашар экономикасы одан сайын жұтай түсті, өйткені, таусылмайтын әскери қақтығыстар еркек кіндіктілердің жер жыртып, егін егуіне мұрша бермеді. Ер адамдар жылдап үй бетін көрмей, князьдіктердің мүддесі жолындағы шайқастарда қырылды. Орыс әйелдері панасыз жетімдердің қарамын көбейткісі келмей, бала туғанды қойды. Князьдіктердің шаруашылығы азып-тозып, халық та азая берді.
Князьдарға бір ғана жол қалды – тағы да соғысу, тағы да тонау. Және осы тұйық шеңбер барған сайын тарыла берді.
Міне, Қасиетті Рим империясы Русьті осылай қаңыратып, қаусатып барып, қантөгіссіз жаулағысы келді, сонда қауқарсыз қайыршы ел бір жапырақ нанға бола еуропалық қожайынның биялайын жалап, темір Die Ordnung (немісше – тәртіп) орнатқаны үшін бас иіп, етігін сүйетін болады деп үміттенді.
Алайда, Мәңгі Ел Федерациясы да экономикалық тұрғыда Русь аумағына мүдделі болатын. Өйткені, қой жүнін көптеп сатуды жоспарлап отырған Федерацияға бай әрі халқы көп ел қажет еді. Сондықтан, көшпенді Федерация өзінің келешектегі негізгі серіктесінің күннен-күнге әлсіреп, қаржылық қауқарының кеміп бара жатқанына бейжай қарап отыра алмады.
Оның үстіне, алдағы уақытта орыс аумақтарын Қасиетті Рим империясы басып алатын болса, 1223-жылы тыныштандырылған бейбіт Русьтің орнына келген қуатты әрі озбыр, соғысқұмар Еуропа Мәңгі Елге де қауіп төндіреді, шекараларда қақтығыстар басталады.
Бұл кезде Мәңгі Елдің Сыртқы Барлау Қызметінен Бірінші Рейхтің Руське басып кіруге дайындалып жатқаны жайлы бірінен бірі суыт хабарлар жиілей берді. Ақыры, 1235-жылдың басында Руське қарсы Крест жорығының жоспарын жасау туралы Императордың құпия Бұйрығының көшірмесі Мәңгі Ел басшылығының қолына түсті.
Кідіруге болмайтын еді. Сөйтіп, Федерация Билеушісі Оқытай Хан дереу әрекетке көшті.
Кітаптың бірінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Алғы сөз»
Кітаптың екінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Зор күмәндар бастауы»
Кітаптың үшінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Халықтың аспаздық өнері – тарих айнасы»
Кітаптың бесінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны»
Кітаптың алтыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны. Моңғол ұғымы»
Кітаптың жетінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Қазақстан туы. Тәңіршілдік»
Кітаптың сегізінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Кедей қалай хан болды?»
Кітаптың тоғызыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Мәңгі ел құру жоспары»
Кітаптың оныншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Көшпенділердің жаңа экономикалық саясаты»
Кітаптың он бірінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы сауда көлігі»
Кітаптың он екінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. «Жүн жолы» жобасы»
Кітаптың он үшінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Мәңгі елдің қарыштап өсіп-өркендеуі»
Кітаптың он төртінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы хан сайлауы»
Кітаптың он бесінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Хорезм ілгерілеуге қарсы»
Кітаптың он алтыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Хорезм халықтарының жүректерін жаулау»
Кітаптың он жетінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Екінші мыңжылдық тұлғасына қарсы»
Кітаптың он сегізінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Орыс мәселесі»
Бешпармақ. Инженер толғанысы. ЖАППАЙ ҚОНЫС АУДАРУ. ҰЛЫ ХАННЫҢ СОҢҒЫ ЖОБАСЫ
Бешпармақ. Инженер толғанысы. ҚАЗІРГІ МОҢҒОЛДАР. АРИФМЕТИКАЛЫҚ АҚИҚАТ
Бешпармақ. Инженер толғанысы.ТАРТАРИЯ, ТАТАРЛАР ЖӘНЕ ГАМБУРГЕР
Бешпармақ. Инженер толғанысы.ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ РУСЬТІ КҮЙРЕТУІ




