ҚАЗІРГІ МОҢҒОЛДАР. АРИФМЕТИКАЛЫҚ АҚИҚАТ
Бразил-ия немесе Итал-ия деген сияқты, орыстар бұрмалап, «Монғол-ия» деп атап кеткен Мәңгі Елдегі қазақ руларының ескі жұртына (яғни, босап қаған жерлерге) біртіндеп тегі мен тілдік тобы жағынан тұңғыстар мен буряттарға жақын оңтүстік Сібірдің шағын халха, чахар және ойрат тайпалары қоныстанды. Әлемнің әр түкпірінен ұлан-ғайыр Солтүстік және Оңтүстік Америка құрлықтарына көшіп барған жүздеген ұлт өкілдерін «америкалықтар» деп атайтынымыз сияқты, олар да тұрғылықты жер атауы бойынша «моңғолдар» деген жаңа есімді еншіледі.
КСРО статистикасының деректеріне сүйенсек, қазіргі монғолдардың саны 2-ғасырдың орта шенінде небәрі 300 мың болған екен. Егер олардың тарихын 7 ғасырға немесе 35 ұрпаққа, яғни, Мәңгі Ел шырқап тұрған кезеңге қарай шегерсек, онда 13-ші ғасырда олар, ең көп дегенде, 10 мың адам болған.
Егер бұл саннан әйелдер мен балаларды, жасы ұлғайғандар мен денсаулығы нашар, әскерге жарамсыздарды алып тастасақ, онда қазіргі замандағы әскерге алу нормалары бойынша 17 мен 45 жас аралығындағы бүкіл моңғол еркектерін (халық санының 10 пайызын) әскер қатарына шақырғанда, бар-жоғы 1000 адам шығар еді.
Ал, енді ойланып көрейікші. 1000 моңғол сарбазы орта ғасырларда жалпы саны 100 миллионнан асып жығылған түркі, славян, парсы, еуропа, қытай, жапон, үнді және басқа да этностар мен халықтардың тұрақты әскерін, халық еріктілері мен партизан жасақтарын жүздеген шайқастарда қирата жеңіп, бүкіл Қытайды, Үндістанды, Орта Азияны, Таяу Шығысты, Кавказды, Русьті және жарты Еуропаны жаулап алды дейтін тарихшыларға сенуге бола ма? 1000 сарбаз деген 1-қыркүйекте қалалық мектеп ауласында жиналатын оқушы санындай-ақ қой.
Салыстырып көрейік. Қазіргі Қазақстанда резеңке сойыл, тапанша, автомат, компьютер, мобильді байланыс, автомобильдермен бақайшағына дейін қаруланған 60 мыңнан астам полицей еңбек етеді. Олар күні-түні Заң мен Билікті небәрі 19 миллион бейбіт, өздерінің туған қазақстандықтарынан қорғайды. Өздеріңіз ойлаңыздаршы, егер солардан 1000-ақ полицей қалып, ал, сіз бен біз 100 миллионға жетіп, полицейлерден құтылғымыз келсе, не болар еді?
Википедияға үңіліп, мынаны оқимыз: «1224-жылғы Батыс жорығына қатысқан монғолдардың саны Польшада 20 000, Венгрияда – 20 000 (барлығы 40 000) сарбаз, 1260-жылғы Арабия түбегіндегі жорықта – 40 000 салт атты, 1276-жылы Жапонияға аттанған бірінші десантта – 40 000 адам». Сонда Орта ғасырларда кез-келген әскерді талқандауға әбден жететін «монғолдардың» тұрақты жорық корпусы әрқайсысы 10 000 сарбаздан тұратын 4 түмен болып шығады.
Осы белгілі қиян-кескі ұрыстардың бәріне әлгі 1000 «моңғол» қатысты дегеннің өзінде, «моңғолдардың» 40 мың сарбаздық тұрақты Әскерінде солармен бірге басқа ұлттардан шыққан тағы 39 мың сарбаз соғысқан болды ғой?
Бородино майданындағы 40 мың сарбаздан тұратын үлкен Ресей отрядын көзге елестетейікші. Егер солардың 39 мыңы орыс, 1 мыңы ған татар болса, ақылгөй тарихшылар осы Бородино шайқасын «француздар мен татарлар арасындағы ұрыс» деп атар ма еді? Жоқ, әрине!
Бірақ, тап осы тарих ғылымы жоғарыда аталған бүкіл соғысқа қатысып, жеңген дәл осы «моңғол» Әскері деп санайды. Ал, біз ондағы «моңғолдардың» саны мардымсыз аз болғанын, бүкіл қолдың 2,5 пайызын ғана құрағанын есептеп шығардық.
Бір сөзбен айтқанда, саны мүлдем аз болғандықтан, қазіргі моңғолдардың ата-бабаларының «татар-моңғол езгісіне» ешқандай қатысы болуы мүмкін емес екеніне келісерсіздер. Әділ болуы үшін, тарихи мағлұматтарға сүйене отырып, бұл халықты тарих ғылымының ғайбат-жаласынан ақтап алу керек. Мәжбүрлі түрде. Өйткені, олардың өздері оған қарсы болады!
Пантюркизммен қызу күрескен Кеңес Одағы Коммунистік партиясының идеологтары Шыңғыс Ханды «моңғол» деп атап, Моңғол Халық Республикасының тұрғындарына керемет сый тартты. Олар үшін бұдан құнды, бұдан қымбат сый болмас, өйткені, «моңғол Шыңғысхан» бұл кішкентай халыққа зор әлемдік танымалдық та, туризмнен түсетін мол табыс та әкелді.
Орта ғасырларда Доннан Қытай қабырғасына дейін созылған сайын сақарада ғұндардың ұрпақтары – түркі этносына жататын сансыз көп көшпенді һәм отырықшы халықтар мекендеді. Небір төңкерістерден, қанды қырғындар мен дүниежүзілік соғыстардан болған бүкіл шығындарға қарамастан, бүгінде түркілердің жалпы саны 200 миллионнан асып отыр.
Кеңестік түркітанушы Лев Гумилевтің сөзін келтірейін: «Түркі өркениетімен салыстырғанда, Грекия мен Рим өркениеттері – аудандық ауқымдағы өркениеттер!». Еске салайын, «аудандық ауқымдағы өркениет» деген ежелгі Римнің өзінің 34 легионында 5-ші ғасырда 140 000 сарбаз қызмет еткен. Ендеше сонау 13-ші ғасырда түркілердің саны 8 миллионға дейін жетіп, соған орай, 40 мыңнан 80 мың жауынгерге дейін қол жиюы әбден мүмкін еді.
Орта ғасырдағы батысеуропалық тыңшы Плано Карпинидің Мәңгі Ел Федерациясына іссапары туралы есебінде былай деп жазылған: «Наймандар – Мәңгі Елдің мейлінше ірі және мейлінше мәдениетті тайпасы». Осы құжатты орыс тіліне аударған кезде, әлдебір аса ұқыпты кеңес ғалымы «мәңгіелді», Сталин жолдас бұйырғандай, «моңғолға» айналдырып, «Наймандар – мейлінше ірі және мейлінше мәдениетті моңғол тайпасы» деп жазған.
Бағымызға қарай, мәскеулік аудармашы «найман» аса мәшһүр қазақ руының атауы екенін білмеген. Әйтпесе, аударма мәтіннен біз үшін өте-мөте маңызды бұл сөйлемді мүлдем алып тастар еді. Саяси цензура да бұл жаңсақтықты байқамаған. Сөйтіп, біз қазір Қасиетті Рим Империясының сыртқы барлау қызметі тыңшысының осынау маңызды куәлігіне ие болып отырмыз!
Осы орайда, наймандар бастама көтеріп, қалған қазақтар ішкі қызғанышын басып, бірауыздан қолдап, италиялық барлаушы Джованни де Плано Карпиниді қазақ халқы алдындағы айрықша еңбегі үшін – I дәрежелі «Даңқ» орденімен, ал, кеңестік аудармашыны есептің аудармасында маңызды ақпаратты сақтап қалғаны үшін «Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапаттау жөнінде Қазақстан Республикасы Президентіне өтініш жолдауы тиіс деп есептеймін.
Енді «моңғол» сөзін «мәңгі елге» алмастырып, орта ғасырлар тарихы бойынша бүкіл материалдарды қайта оқыңыздар. Сонда ғалымдардың ғасырлар бойы бықсытқан былжыр-батпағы жоғалып, бәрі ап-айқын әрі түсінікті болып шыға келеді.
Кітаптың бірінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Алғы сөз»
Кітаптың екінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Зор күмәндар бастауы»
Кітаптың үшінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Халықтың аспаздық өнері – тарих айнасы»
Кітаптың бесінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны»
Кітаптың алтыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы Қытай қорғаны. Моңғол ұғымы»
Кітаптың жетінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Қазақстан туы. Тәңіршілдік»
Кітаптың сегізінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Кедей қалай хан болды?»
Кітаптың тоғызыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Мәңгі ел құру жоспары»
Кітаптың оныншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Көшпенділердің жаңа экономикалық саясаты»
Кітаптың он бірінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы сауда көлігі»
Кітаптың он екінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. «Жүн жолы» жобасы»
Кітаптың он үшінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Мәңгі елдің қарыштап өсіп-өркендеуі»
Кітаптың он төртінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Ұлы хан сайлауы»
Кітаптың он бесінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Хорезм ілгерілеуге қарсы»
Кітаптың он алтыншы бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Хорезм халықтарының жүректерін жаулау»
Кітаптың он жетінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Екінші мыңжылдық тұлғасына қарсы»
Кітаптың он сегізінші бөлімі «Бешпармақ. Инженер толғанысы. Орыс мәселесі»
Бешпармақ. Инженер толғанысы. ЖАППАЙ ҚОНЫС АУДАРУ. ҰЛЫ ХАННЫҢ СОҢҒЫ ЖОБАСЫ
Бешпармақ. Инженер толғанысы. ҚАЗІРГІ МОҢҒОЛДАР. АРИФМЕТИКАЛЫҚ АҚИҚАТ