Евразия24Ушыққан мәселеЖымқыру ма, әлде жалған кәсіпкерлік пе?

Жымқыру ма, әлде жалған кәсіпкерлік пе?

|

|

Мәжілістің жалпы отырысында Энергетика вице-министрі мен депутат арасында өткір пікірталас орын алды. Даудың негізгі себебі — Парламентке ұсынылған ақпараттың шынайылығына қатысты туындаған күмән. Толық мәліметпен мына сілтеме бойынша танысуға болады, ал біз жағдайдың негізгі түйініне тоқтала кетейік.

Белгіленген ережеге сәйкес, жер қойнауын пайдаланушылар ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) табысының 1 пайызы мөлшерінде аударым жасауға міндетті. Бұл — саланы заманауи технологиялар, жасанды интеллект және цифрландырумен қамту арқылы ғылыми әлеуетті арттырудың тетігі болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстар Энергетика министрлігі арқылы жүзеге асырылады. Министрлік тапсырыс беруші ретінде өз заңдылықтары аясында Ғылыми-техникалық кеңес отырысында ҒЗТКЖ тақырыптарын, жұмыс көлемі мен құнын, сондай-ақ орындаушыларды бекітеді.

Нәтижесінде, бір компанияның ұзақ жылдар бойы ірі тапсырыстарды алып, қаржыны аса ірі мөлшерде жымқырып келгені белгілі болды. Штат саны 60 адамнан тұратын шағын мекеменің екі қызметкері 6 миллиард теңгені қолды қылған. Сот отырысында бұл азаматшалар мұндай әрекетке мәжбүр болғандарын, ал қаражат пара беруге жұмсалғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, жоғары технологиялық деп есептелген бұл компанияда іс жүзінде ешқандай жергілікті қамту болмаған, тіпті тиісті жабдықтар да табылмаған.

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаровтан аталған компаниямен ынтымақтастықтың не себепті әлі де жалғасып жатқанын түсіндіруді талап етті.

Алайда вице-министр нақты жауаптың орнына, министрліктің тек жобаларды бекітумен айналысатынын және бақылау функциясының жоқтығын алға тартты. Сондай-ақ ол бұл жағдайды «жымқыру» емес, «жалған кәсіпкерлік» деп сипаттады.

Осы тұста тараптар арасында принципті дау туындады: егер сот бұл әрекетті «ұрлық/жымқыру» деп таныса, демек солай болып саналады, сондықтан Парламентке жалған ақпарат ұсыну орынсыз. Бұл пікірталасқа нүкте қояр болсақ: екі тараптың да дәлелі негізсіз емес — бұл жерде жалған кәсіпкерлік белгілері де, қаражат жымқыру фактісі де анық көрініп тұр.

Осылайша, вице-министр Е. Ақбаров депутат М. Әбеновке және Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің басқа да мүшелеріне ешқандай жалған мәлімет берген жоқ: ол «бұл ғылыми жұмысты қабылдап алдық, ол бойынша ешқандай сұрақтар туындаған жоқ» деп, жағдайдың шынайы сипатын ашып көрсетті. Расында да, егер бұл әрекет жымқыру емес, «қалыпты» жалған кәсіпкерлік ретінде қабылданса, Энергетика министрлігінде қандай күмән туындауы мүмкін?

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Путин мен Тоқаев алдағы кездесулерді талқылады

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Кремльдің сайтында хабарланды.

Америкалық Cargo Dragon ғарыш кемесі жексенбі күні Халықаралық ғарыш станциясымен түйіседі

SpaceX компаниясының бір күн бұрын ұшырылған Cargo Dragon жүк ғарыш кемесі жексенбі күні Халықаралық ғарыш станциясымен (ХҒС) түйіседі. Бұл туралы NASA хабарлады.

Нетаньяху Трамппен Иран төңірегіндегі жағдайды талқыламақ

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, Иран төңірегіндегі жағдайды талқылауды жоспарлап отыр. Бұл туралы жексенбі күні Times of Israel басылымы хабарлады.

Абу-Дабидегі АЭС маңындағы өртке дрон шабуылы себеп болды

Абу-Дабидегі (БАӘ) «Барака» атом электр станциясының маңында шыққан өртке ұшқышсыз аппараттың соққысы себеп болды.