Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарБір соғыс, бір жеңіс, бір тарих!

Бір соғыс, бір жеңіс, бір тарих!

|

|

«Минск жаңалықтары» агенттігі мен «Вечерний Минск» газеті «Қаза тапқандар мен тірілер арасында» атты жаңа деректі фильмді таныстырды. «Бұл – Ұлы Отан соғысының басталғанына 85 жыл толуына арналған кроссмедиалық жоба. Фильм тек майданда қаза тапқан кеңес жауынгерлері мен геноцид құрбаны болған бейбіт тұрғындардың сүйегін іздеп тауып, олардың есімдерін қайта жаңғырту туралы ғана емес. Бұл — Ұлы Отан соғысы тарихын бүгінгі күн тұрғысынан пайымдау. Мұнда фейктермен күресудің маңызы, бабалардың ерлігін жадымызда сақтау, сондай-ақ басқыншылардың қолынан атылған, тірідей өртенген және азапталған миллиондаған бейбіт тұрғынның қасіретті тағдыры туралы ащы шындық баяндалады. Фильм тірілер мен шетінегендердің арасындағы нәзік шекараны табуға тырысады. Өйткені бұл шекара — біздің арымыз, әділдікке деген ұмтылысымыз, бабалар рухына тағзым етіп, бұл аманатты кейінгі ұрпаққа жеткізуге негізделген ұлттық дәстүріміз. Бұл — тәуелсіз мемлекет, тарихы бар, бүгіні мен болашағына құқылы дені сау қоғам әрі тұтас бір халық болып қалуымыз үшін өте маңызды, нәзік те сезімтал құндылық. «Өлі мен тірінің арасында» фильмі бүкіл Беларусь халқына ортақ істі жан-жақты көрсетеді. Біздің өз тарихымызға қалай құрметпен қарайтынымызды, ақиқатты айтып, қаза тапқандардың сүйегін іздестіру, есімдерін қайта жаңғырту, ескерткіштерді күтіп ұстау мен жаңа мемориалдар тұрғызу және осы дәстүрді келесі ұрпаққа қалай аманаттап жатқанымызды паш етеді.

Еуразия24 пікірі:

Жарты сағатқа созылатын бұл деректі фильмді толық көруге кеңес береміз. Сценарий авторлары Андрей Кривошеев пен «Вечерний Минск» газетінің бас редакторы Юлия Денищик 31 минуттың ішіне Ұлы Отан соғысы кезіндегі құнды мұрағаттық кадрларды да, іздеушілердің қазба жұмыстары жүріп жатқан жерден түсірілген бейнелерді де, адамзат тарихындағы ең қанды соғыстың тұтану себептеріне қатысты өз нұсқаларын да сыйғыза білген. «Іздеу экспедициясының ең қиын тұсы — сарбаздардың сүйегін ұқыптылықпен шығарып, шайқас көрінісін қайта қалпына келтіру. Ал қаза тапқандардың есімін анықтау — нағыз олжа. Соңғы екі жылда табылған 8 мың жауынгердің тек 35-інің ғана кім екені анықталды. Бұл дегеніміз — әрбір екі жүзінші, тіпті одан да сирек кездесетін жағдай. «Мүмкін аты-жөні жазылған шығар? Жазуы бар екен. Иә, тегі жазылыпты. Бондар. Бондаренко. Бондаренко…», — дейді іздеу тобының мүшелері.

Айта кетейік, қазақстандық іздеушілер де беларус әріптестерімен бірге Қызыл Әскердің белгісіз сарбаздарының сүйегін бауырластар зиратынан аршып алуға көмектесіп жүр. «Үстін топырақ басқан таяз окоп. Осы жерде жан тапсырған жауынгер мен бүгінгі тірі іздеушілердің арасын 85 жыл уақыт бөліп тұр. Халықаралық Беларусь-Қазақстан «Ерлік белдеуі» (Вахта памяти) шарасына қатысушылар сарбаз сүйектері мен жер астында сақталған жәдігерлерді мұқият шығарып жатыр. Табылған заттың бәрі арнайы эксгумациялық матаның үстіне қойылады. Қасында марқұмның өз бұйымдары бар: түймелер, белдік тоғасы, қасық. Өкінішке қарай, ешқайсысында жазу жоқ. Сарбаз бойтұмары да (медальон) табылмады. Қайсар кеңес жауынгері осылайша белгісіз болып қала бермек. Тек оның жас командир болғаны ғана анықталды», — деп баяндайды кадр сыртындағы мәтінде Андрей Кривошеев. Мәтінде жан тебірентерлік тағы басқа да деректер келтірілген. «Кеңес Одағындағы жаппай іздеу қозғалысы алпысыншы жылдардың ортасында, соғыс құрбандары мен батырларының есімін жаңғыртуға деген халықтық сұраныс ретінде өздігінен бастау алды. Алғашқы іздеушілер — комсомолдар, пионерлер және майдандас достарын іздеген әлі де жас ардагерлер еді. Сексенінші жылдардың соңына дейінгі бүкіл кеңестік кезең ұлы соғыстың ұлы ұрпағы, яғни жерлестері туралы шындықты білуге деген құштарлыққа толы болды. Мұның бәрі өткенді ұмытпау үшін жасалды. Ал тарихты бұрмалап, жадымызға қиянат жасау тоқсаныншы жылдардағы аласапыран кезеңде, ұлтшылдық толқынында басталды. Біреулер өткенінен безінді, енді біреулер бас тартты, үшіншілері отқа оранған қырқыншы жылдардың шежіресін жаңаша жазып, жендеттерді дәріптеп, олардың құрбандарын қаралауға немесе бәрін ұмыттыруға тырысты». Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы Өкілдер палатасының депутаты Вячеслав Данилович фильм авторларына беларус халқының соғыс тарихын неліктен осыншалықты қастерлеп, ерекше қорғайтынын түсіндірді. «Өлі мен тірінің арасында» — адамдардың адамдар туралы жасаған тамаша жұмысы. Бұл — осыдан 85 жыл бұрынғы тарихтың бұрмалануын қабылдамайтындар және өткен күннің ақтаңдақтары мен батырлардың ұмытылған есімдерін тірнектеп жинап, қайта жаңғыртып жүргендер туралы туынды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда ипотека алу жеңілдеуі мүмкін

Қазақстанда тұрғын үй бағдарламалары бойынша бастапқы жарна мөлшері төмендеуі мүмкін. Премьер-министр Олжас Бектенов осы бағытта тиісті тапсырма берді. Үкімет басшысы құрылыс саласындағы басты міндеттердің бірі жоспарланған 20,4 млн шаршы метр тұрғын үйді толық аяқтап, пайдалануға беру екенін атап өтті.

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу тәртібі жеңілдетілмек

ҚР Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, ведомство көлік құралдарын тіркеу және оларды басқару құқығын алу үшін емтихан тапсыру қағидаларына өзгерістер әзірледі. «Біздің мақсатымыз – мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін жеңілдетіп, оған кететін уақытты қысқарту. Осыған байланысты артық рәсімдер алынып тасталады.

Борышкерлердің құқығын қорғау: Қазақстан коллекторларға қойылатын талаптарды тағы да қатаңдатпақ

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) коллекторлық агенттіктердің қызметіне жаңа шектеулер енгізуді жоспарлап отыр. Бұған қарыз алушылардан толассыз түсіп жатқан шағымдар себеп болған (https://bes.media/news/arrfr-gotovit-novye-ogranicheniya-dlya-kollektorov-posle-zhalob-dolzhnikov/ ). Тұтынушылық кредиттер бойынша берешекті коллекторларға сатуға енгізілген мораторийдің 2027 жылғы 1 мамырға дейін ұзартылуы да мәселені шешпеген сыңайлы. Азаматтар коллекторлардың белгіленген уақыттан тыс хабарласатынына, рұқсат етілген байланыс санынан асып кететініне, сондай-ақ жұмыс берушілер мен таныстары арқылы психологиялық қысым көрсететініне шағымдануда. Заң талаптарын бұзған агенттіктер тексеріледі. Ал өрескел немесе жүйелі заңбұзушылықтарға жол бергендері арнайы тізілімнен шығарылуы мүмкін. Ендеше, коллекторларға қойылатын талаптардың кезекті рет қатаңдатылуы борышкерлердің жағдайына қалай әсер ететінін қарастырайық.

Шанхай мен Гонконг биржаларында акциялар қымбаттады, ал Оңтүстік Кореяның Kospi индексі 5,5%-ға құлдырады

Сейсенбі күні Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор биржаларындағы сауда әртүрлі нәтижемен аяқталды. Қытай мен Гонконгтың негізгі индекстері аздап өсті, Австралия нарығында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Ал Жапонияда акциялар едәуір арзандап, Оңтүстік Кореяның Kospi индексі микрочип өндіруші компаниялар акцияларының құлдырауы салдарынан 5%-дан астам төмендеді.