Евразия24ЭкономикаДоллар 600 теңгеге жете ме? Экономистердің болжамы

Доллар 600 теңгеге жете ме? Экономистердің болжамы

|

|

Экономист Алмас Чукин 2027 жылға қарай доллар бағамының 600 теңгеге жету себептерін түсіндірді: «Өткен жылы елдің номиналды ЖІӨ 119 трлн теңгеден 137 трлн теңгеге дейін өсіп, 15%-ға артты. Инфляцияны алыптастағанда, нақты өсім 4,8% деңгейінде болды. Ал М3 көрсеткішімен өлшенетін ақша массасы 19,2%-ға ұлғайып, 2023 жылдың соңындағы 38 трлн теңгеден 45 трлн теңгеге жетті. Яғни бір жылда 7 трлн теңгеге көбейген. Бұлайтарлықтай үлкен көрсеткіш. Ақша көлемінің артуы ішкі өндірістен озған жағдайда инфляция үдейді. Сұраныс көбейіп, ұсыныс ілесе алмаған кездеішкі нарықтағы баға өсіп, тұтынушылар импортқа көше бастайды. Бұл өз кезегінде шетел валютасына деген сұранысты арттырады. Валютаның ұсынысы шектеулі болғандықтан, оның бағасы да өседі. Бұлтеңгенің доллармен салыстырғандағы инфляциясы деуге болады. Төмендегі графикте жалпы инфляция мен ақша массасының өсу динамикасы көрініп тұр. Курс өсімінің артта қалғаны көзге бірден түседі. Қазірдің өзінде 540–560 теңгеаралығындағы ауытқулармен «базалық жаңа деңгей» қалыптасып келеді. Менің ойымша, келесі жылы доллар бағамы тағы 6–8 пайызға өсіп, 40–50 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Осылайша, 2027 жылға қарай 600 теңгешамасына жетуі ықтимал».

Евразия24 пікірі:

Соңғы екі аптадағы валюта нарығындағы қозғалыстар теңгенің долларға қатысты әлсіреу үрдісін көрсетіп отыр. Осы ретте Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкиннің 2024 жылғы қарашада айтқан: «Бүгін – 500, ертең – 600» деген пікірі бүгінде шындыққа айнала бастағандай. Айта кетейік, сол кезде доллар бағамы 496 теңге деңгейінде болған. Сарапшылардың пікірінше, доллар бағамының күшеюіне дедолларизация да ықпал еткен. Елдегі шетел валютасының көлемі азайған сайын, сұраныс шарықтаған сәттерде алыпсатарлық белсенділік артады. Сонымен қатар, теңгенің әлсіреуіне мемлекеттің экономикаға араласуы да әсер етуде. Даму институттары арқылы ірі жобаларға қаржы бағыттау арқылы мемлекет ақша массасын ұлғайтып отыр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...