Евразия24СаясатПремьер-министр кеден жұмысына сын айтты

Премьер-министр кеден жұмысына сын айтты

|

|

ҚР үкіметі хабарлайды: «Қаржы министрлігінің мәліметінше, Еуразиялық экономикалық одақтың (ҚХР, Өзбекстан Республикасы, Түрікменстан) сыртқы шекараларында биыл 9 өткізу пунктін жаңғырту жоспарланған. Қазіргі таңда оның төртеуіКапланбек, Атамекен, Қолжат және Алакөл пункттері пайдалануға берілді. Қалған бес өткізу бекетінің жаңғыртужұмыстары жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Жоспардан тыс «Жібек жолы» жолаушылар өткізу пунктінде де жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2026 жылдың бірінші жартысында толық аяқталады деп күтілуде. Баяндамаларды тыңдағаннан кейін Премьер-министр кеден қызметінің жұмысы тиісті деңгейде ұйымдастырылмағанын, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Қырғыз Республикасымен шекарадағы автокөлік өткізу бекеттеріндегі жөндеу жұмыстарының созылып кеткенін сынға алды. Олжас Бектенов Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің және Көлік министрлігіне қарасты Автомобиль жолдары комитетінің төрағаларын қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартуды тапсырды. Сонымен қатар, аталған министрліктердің жауапты өкілдері өңірлерге жіберіліп, жергілікті жерлерде жұмысты үйлестіру шараларын қолға алды.

Евразия24 пікірі:

6 тамыз күні Үкімет отырысы барысында бірқатар мәселелер көтерілді. Премьер-министр Олжас Бектенов Қаржы министрлігі мен Көлік министрлігінің лауазымды тұлғаларын сынға алып, екі комитеттің басшыларын жауапкершілікке тартуды тапсырды. Мұндай жағдай мемлекеттік басқару жүйесінде жиі кездесе бермейді. Бұл – Премьер-министрдің көтерілген мәселеге қатысты наразылығының айғағы. Алайда Үкімет бұл сынның нақты қандай себептерге негізделгенін егжей-тегжейлі хабарлаған жоқ. Ресми мәліметтерде кеден қызметінің әлсіз ұйымдастырылғаны және Қазақстанның Ресей мен Қырғыз Республикасымен шекаралас аймақтарындағы автокөлік өткізу бекеттеріндегі жөндеу жұмыстарының кешіктіріліп жатқаны ғана көрсетілген. Айта кетейік, шілде айында Ақтөбе облысындағы «Жайсан» өткізу пунктінде бірнеше шақырымға созылған көлік кептелісі орын алған болатын. Онда бірнеше тәулік бойы жолда қалған азаматтарға Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары азық-түлік пен ауызсу жеткізген. Бұл жағдай Самара – Шымкент республикалық тас жолында мамыр айында басталған жөндеу жұмыстарына байланысты орын алған.  Үкімет сынға алған Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллиннің өзі бұл жол кептелісінде болмағаны және шілденің аптап ыстығында азаматтар тап болған қиындықтарды бастан өткермегені анық.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ-тың көздегені тек Иран ба?

 Таяу Шығыстағы жағдайдың қайта шиеленісуіне Йемендегі қақтығыс тараптары арасындағы әскери іс-қимылдардың күшеюі себеп болып отыр. Әсіресе Сауд Арабиясының отын инфрақұрылымына жасалған соққылардың салдары ауыр. Алайда тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман АҚШ президенті Дональд Трамптан әскери қолдау сұрағанда, Вашингтон бұл өтінішті қабылдамады. Иранмен қақтығыста жеңіліске ұшыраған АҚШ пен Израиль енді Таяу Шығыстағы ірі ойыншыларды бір-біріне қарсы қойып, өңірлік қақтығыс туғызуға тырысып отыр. Бір жағында – Иран, екінші жағында – Парсы шығанағындағы араб монархиялары. Бұған қоса, жақында жасалған әскери келісімге байланысты Түркия мен Пәкістан да соғысқа араласады деген үміт бар.

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.