Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарEOtinish жүйесі өтініштер саны бойынша рекорд жаңартты

EOtinish жүйесі өтініштер саны бойынша рекорд жаңартты

|

|

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлайды: eOtinish платформасы – мемлекет пен азаматтар арасындағы цифрлық өзара іс-қимылдың негізгі құралы ретінде қазақстандықтар арасында танымал бола түсті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жүйе арқылы 5 миллионнан астам өтініш қабылданған. Бұл азаматтар мен бизнес субъектілерінен келіп түсетін өтініштермен жаңа форматта жұмыс істеудің тиімділігін және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты іске асып жатқанын көрсетеді. Платформа 2022 жылы 1 шілдеде іске қосылғаннан бері өтініштерді қабылдау, өңдеу және олардың орындалуын бақылау үдерістерін автоматтандырып келеді. Бүгінде пайдаланушылар eOtinish арқылы өз өтініштерінің мәртебесін онлайн режимде бақылап, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тарихын көре алады, жауаптардың сапасын бағалап, орындалу барысына шағым түсіру, сондай-ақ сотқа талап-арыз жолдау мүмкіндігіне ие. «Бүгінгі таңда eOtinish – мемлекет пен халық арасындағы цифрлық байланыс арнасы ретінде маңызды рөл атқарып отыр. Жүйе азаматтардың жоғары сеніміне ие. «ҰАТ» АҚ командасы платформаны тұрақты түрде дамытып, оны барынша ыңғайлы әрі тиімді етуге күш салуда. Қазіргі таңда біз жасанды интеллектке негізделген көмекшілерді енгізіп, деректерді жылдам талдау және өтініштерге жедел әрекет ету тетіктерін жетілдіруге жұмыс істеп жатырмыз», – деді «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Гүлмира Исабекова.

Евразия24 пікірі:
eOtinish электронды өтініштер порталы – Қазақстандағы цифрлық жаңғырту үдерісінің сәтті жүзеге асқан жобаларының бірі. Бұл жүйе азаматтар мен ұйымдардың күнделікті өмірін жеңілдетіп, мемлекеттік органдармен байланыс орнатуды әлдеқайда ыңғайлы ете түсті. Бұрын азаматтар белгілі бір мәселеге қай мемлекеттік орган жауапты екенін анықтап, сол мекемеге өз шағымын жеткізу үшін әуре-сарсаңға түсетін. Ал қазір eOtinish бұл процесті толық автоматтандырды: өтініш жүйе арқылы автоматты түрде тиісті мекемеге жолданады, ал пайдаланушы қай орган, қашан және қалай қарастырып жатқанын нақты көре алады. Жауап туралы хабарлама да тікелей мобильді телефонға келеді. Бұл – азаматтардың өтініш беруін едәуір жеңілдетіп, өтініш санының 5 миллионға жетуіне себеп болған басты факторлардың бірі. Тағы бір маңызды артықшылық, өтініштер бұрыңғыдай жоғалып кетпейді. Факс пен классикалық пошта дәуіріндегі құжаттардың жоғалып кету қаупі енді жоқ. Жүйе өтінішті тіркеп, жауап беру мерзімін өзі есептейді, яғни созбалаңға салу қаупі де жойылады. Бір қарағанда, жылына 5 миллион өтініш – мемлекеттік органдардың жұмысындағы кемшіліктің белгісі сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ бұл жолы бәрі керісінше: eOtinish – тек шағым ғана емес, ұсыныс білдіруге де, ресми ақпарат алуға да болатын сенімді арна. Бұл жүйе – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты іске асып жатқанын көрсететін айқын мысал.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Финляндиядағы сот Fitburg жүк кемесінің ресейлік капитанын 3,5 жылға бас бостандығынан айырды – БАҚ

Хельсинкидің аудандық соты Fitburg кемесінің капитаны, Ресей азаматы Андрей Максименконы Фин шығанағындағы кабельдерді зақымдау ісі бойынша 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлады бейсенбіде Yle телеарнасы.

Конгрессмен Масси келесі аптада Пентагон басшысы Хегсетке импичмент жариялау мәселесін дауысқа салмақ

АҚШ Өкілдер палатасының мүшесі, республикашыл Томас Масси Пентагон басшысы Пит Хегсетке импичмент жариялау мәселесін дауысқа шығаруды көздеп отыр.

Еуропа акция нарықтары сәрсенбіде сенімді өсіммен жабылды

Батыс Еуропа елдерінің қор индекстері сәрсенбідегі саудаларды сенімді өсіммен аяқтады, инвесторлар АҚШ Конгресіне өткен аралық сайлаудың нәтижелеріне баға берді. Ірі компаниялардың жалпыеуропалық Stoxx Europe 600 индексі 1,8%-ға өсіп, 657,4 тармаққа жетті, бұл 12 маусымнан бергі бір күндік ең жоғары өсім болды.

ЕО-ның жерасты газ қоймалары 74,07%-ға толды (бес жылдағы орташа деңгейден 15,77 пайыздық тармаққа төмен), газ алу қарқыны әдеттегіден баяу

Еуропаның жерасты қоймаларындағы газ қоры 3 қарашадағы газ тәулігінің қорытындысы бойынша 74,07%-ға дейін азайды, деп хабарлайды Gas Infrastructure Europe (GIE) еуропалық газ инфрақұрылымы операторларының қауымдастығы