Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарОқушыларға сабақ кезінде телефон пайдалануға тыйым салынады

Оқушыларға сабақ кезінде телефон пайдалануға тыйым салынады

|

|

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі хабарлайды: «Биыл ұялы байланыс құралдарын пайдалануға қатысты мәселелер Оқу-ағарту министрлігінің құзыретіне берілді. Тиісті ереже әзірленіп, қазір келісу рәсімінен өтіп жатыр. Ережеге сәйкес, оқушыларға сабақ кезінде ұялы телефон пайдалануға болмайды. Үзілісте қолдануға рұқсат етіледі. Сондай-ақ мұғалімнің күнтізбелік-тақырыптық жоспарында қарастырылған жағдайда телефонды сабақ барысында пайдалануға болады. Телефондарды міндетті түрде сейфке тапсыру туралы талап енгізілмейді. Құрылғы оқушының өзінде қала береді. Мәселен, оны өшіріп, сөмкесіне салып қоюына болады. Сонымен қатар мектеп ата-аналарға қажет болған жағдайда баласымен байланысуға мүмкіндік беретін бірыңғай телефон нөмірін ұсынуға тиіс. Бұл талап та ережеде қарастырылған. Мұғалімдерге оқушылардың телефондары үшін автоматты түрде материалдық жауапкершілік жүктелмейді. Сабақ кезінде мұғалім балалардың қауіпсіздігіне, өмірі мен денсаулығына жауап береді. Телефон жоғалған жағдайда оның құнын мұғалімге бірден өтету қарастырылмаған. Алдымен құрылғының қашан және қандай жағдайда жоғалғаны анықталып, оған кімнің кінәлі екені белгіленуі тиіс. Содан кейін ғана тиісті шаралар қабылданады», – деп Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова журналистің сауалдарына жауап берді.

 

Еуразия24 пікірі:

Жалпы, сабақ кезінде гаджет пайдалануды шектеу орынды шешім деуге болады. Өйткені балалар сабаққа көңіл бөлудің орнына әлеуметтік желіде отырады немесе қысқа видеолар көреді. Оның үстіне телефонды мектепке мүлдем алып келуге тыйым салу туралы сөз болып отырған жоқ. Дегенмен негізгі мәселе тыйымның өзінде емес, оның іс жүзінде қалай орындалатынында. Егер телефон баланың сөмкесінде қала беретін болса, оқушының сабақ үстінде оны пайдаланбауын кім және қалай қадағалайды? Мұғалімнің міндеті – балаға білім беру, оқушының сөмкесіндегі телефонды аңду емес. Тағы бір маңызды мәселе бар. Айталық, оқушы мұғалімнің талабына бағынбай, сабақ үстінде телефонын алып шықты делік. Мұндай жағдайда оған қандай шара қолданылады? Мұғалімнің оқушының жеке затын алып қоюға құқығы жоқ. Бұл мәселеге 2023 жылы адвокат Эльнура Кішкенебаева да түсініктеме берген болатын . Дегенмен мектеп талабына немқұрайды қарайтын оқушылардың ата-аналарына ықпал етудің тағы бір тетігі бар. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 409-бабында білім беру саласындағы заңнамада белгіленген міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін айыппұл қарастырылған. Бұл талапты мектеп формасына қатысты ережелерді сақтамауға да, гаджет пайдаланудың белгіленген тәртібін бұзуға да қолдануға болады. Біздіңше, 2026–2027 оқу жылы білім беру ұйымдарында тәртіп талаптарының қаншалықты тиімді орындалатынын көрсететін кезең болмақ.

.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

«Келешектің» болашағы қандай?

 Ұлттық байлықтың игілігін болашақ ұрпақпен бөлісу – дұрыс әрі әділетті идея. Бірақ кез келген ауқымды әлеуметтік бастама  ерте ме, кеш пе бюджеттің қатаң есепке тіреледі: қанша қаражат қажет, ол қайдан алынады және мемлекет қабылдаған міндеттемені 10–20 жылдан кейін де орындай ала ма? Бүгінде «Ұлттық қор – балаларға» және «Келешек» бағдарламалары қатар жұмыс істейді. Екеуінің де түпкі мақсаты ұқсас – баланың болашағына капитал қалыптастыру. Сондықтан ендігі мәселе – осы екі тетікті бір-бірінен бөлек ұстай беру керек пе, әлде оларды бір тиімді жүйеге біріктіруге бола ма? Спойлер ретінде айта кетейік: шешім табылды, ол күрделі пайыздың сиқырында және үшінші бала дүниеге келгенде отбасыларды қолдауда жатыр.

Еуропада аптап ыстықтан 50 мыңнан астам адам көз жұмды

2026 жылдың жазында Еуропаның 900-ге жуық қаласында аптап ыстықтың салдарынан 50 мыңнан астам адам қайтыс болды. Бұл туралы Лондон Империялық колледжінің Грэнтэм институты жариялаған баяндамада айтылған.

Алдағы уақытта келіссөздерге Еуропа елдерінің өкілдері де қатысуы мүмкін

Қарашаның бірінші жартысында Абу-Дабиде өтуі жоспарланған Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі келіссөздер үшжақты форматта ұйымдастырылады. Алайда алдағы уақытта қауіпсіздік мәселелерін талқылауға Еуропа елдерінің өкілдері де қатысуы мүмкін. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Тайваньда «Чампи» тайфунына байланысты мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді

Тайвань аралына жақындап келе жатқан «Чампи» тайфунына байланысты мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы жұма күні Азияның бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.