Евразия24ЖаңалықтарИрак Күрдістаны АҚШ-пен әскери ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі

Ирак Күрдістаны АҚШ-пен әскери ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі

|

|

Дубай. 30 тамыз. ИНТЕРФАКС – Ирак Күрдістанының билігі 2016 жылы АҚШ-пен жасалған ынтымақтастық туралы келісімнің мерзімі 30 қыркүйекте аяқталатынына қарамастан, Вашингтонмен әскери саладағы байланысты сақтап қалуды көздеп отыр, деп хабарлайды The National.

«Келісім мерзімінің аяқталуын АҚШ пен Күрдістан арасындағы стратегиялық әріптестік те тоқтайды деп түсінбеу керек. Күрдтердің «пешмерга» жасағы терроризмге қарсы күрестегі маңызды әрі сенімді серіктес саналады. Сондықтан ынтымақтастықты жалғастыруға берік негіз бар», – деді Ирак Күрдістаны премьер-министрінің өкілі Норельдин Вайзи.

Оның айтуынша, алдағы уақытта Вашингтонның «пешмергаға» қолдау көрсетуін жалғастыруға мүмкіндік беретін жаңа келісім жөнінде келіссөздер өтуі мүмкін.

Күрд билігінің аты-жөні аталмаған тағы бір өкілі АҚШ тарапынан қаржыландырудың тоқтатылуы әскери көмектің толық доғарылатынын білдірмейтінін айтты. Әскерилерді даярлау, кеңес беру, логистикалық қолдау, әскери құрылымдарды жетілдіру, жауынгерлік мүмкіндіктерді арттыру және «пешмерга» жасақтарын біртұтас күшке біріктіру жұмыстары жалғасады деп жоспарланып отыр.

The National басылымы «пешмерга» жасақтарын біріктіру жұмыстары жүргізіліп жатқанына қарамастан, олардың бір бөлігі биліктегі Күрдістан демократиялық партиясына, ал енді бір бөлігі Күрдістан патриоттық одағына жақын екенін атап өтті.

«Қаржыландыруды біртіндеп тоқтату мәселесі біраз уақыттан бері талқыланып келеді. Бұл Ирактағы АҚШ бастаған халықаралық коалиция қызметін жаңа жағдайға бейімдеуге бағытталған ауқымды өзгерістердің бір бөлігі», – деді күрд өкілі.

Басылымның мәліметінше, Ирак Күрдістаны мен АҚШ арасындағы келісім «Ислам мемлекетіне» қарсы әскери іс-қимылдарға негіз болған. 2022 жылы келісім жаңартылып, оның мерзімі тағы төрт жылға ұзартылған еді.

Келісімнің аяқталуы халықаралық коалиция әскерін Ирактан шығару мерзімімен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл мерзім Бағдадпен 2024 жылы жасалған уағдаластықта белгіленген.

Ирак премьер-министрі Әли әл-Заиди тамыз айының басында АҚШ бастаған коалиция әскерінің Ирак Күрдістанындағы базалардан кетуге дайындалып жатқанын растаған. Жоспар бойынша, 30 қыркүйекке дейін әскери нысандар Ирак қарулы күштерінің қарамағына берілуі тиіс.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропада аптап ыстықтан 50 мыңнан астам адам көз жұмды

2026 жылдың жазында Еуропаның 900-ге жуық қаласында аптап ыстықтың салдарынан 50 мыңнан астам адам қайтыс болды. Бұл туралы Лондон Империялық колледжінің Грэнтэм институты жариялаған баяндамада айтылған.

Алдағы уақытта келіссөздерге Еуропа елдерінің өкілдері де қатысуы мүмкін

Қарашаның бірінші жартысында Абу-Дабиде өтуі жоспарланған Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі келіссөздер үшжақты форматта ұйымдастырылады. Алайда алдағы уақытта қауіпсіздік мәселелерін талқылауға Еуропа елдерінің өкілдері де қатысуы мүмкін. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Тайваньда «Чампи» тайфунына байланысты мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді

Тайвань аралына жақындап келе жатқан «Чампи» тайфунына байланысты мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы жұма күні Азияның бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

NVIDIA басшысы Қазақстанды физикалық жасанды интеллекттің әлемдік орталығына айналдыруды ұсынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының негізін қалаушылардың бірі әрі басшысы Дженсен Хуангты қабылдады. Бұл туралы жұма күні Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.