Евразия24ЖаңалықтарАҚШ-тың OFAC басқармасы NIS компаниясына операциялық қызметін жалғастыруға рұқсат мерзімін 20 ақпанға...

АҚШ-тың OFAC басқармасы NIS компаниясына операциялық қызметін жалғастыруға рұқсат мерзімін 20 ақпанға дейін ұзартты

|

|

МӘСКЕУ. 23 қаңтар. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – АҚШ-тың Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) Сербияның NIS мұнай-газ компаниясына операциялық қызметін жалғастыруға рұқсат беретін лицензияның мерзімін 20 ақпанға дейін ұзартты, деп хабарлайды сербиялық RTS ақпараттық порталы.

Қазіргі уақытта компанияда 23 қаңтарға дейін жарамды лицензия бар. Бұған дейін NIS аталған лицензияны ұзарту жөнінде өтініш жасап, бұл мерзімде компания акцияларын сату бойынша келіссөздер жүріп жатқанын мәлімдеген.

Өткен аптада Панчево қаласындағы мұнай өңдеу зауыты іске қосу жұмыстарын бастап, 27 қаңтарда тұтынушыларға алғашқы мұнай өнімдерін жеткізуге дайындалып жатыр. Елдегі мұнай қоры мен импорт көлемін ескерсек, зауыт ақпан айының соңына дейін жұмыс істей алады. Одан кейінгі өндіріс барысы компания қабылдайтын шешімдерге байланысты болады.

Айта кетсек, Венгрияның MOL компаниясы «Газпром нефть» компаниясымен келісімге келіп, NIS компаниясының 56,15% акциясын сатып алуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар MOL бұл үлестің бір бөлігін БАӘ-нің ADNOC компаниясына сатуы мүмкін. Сербия үкіметі де компаниядағы өз үлесін 5 пайыздық тармаққа дейін ұлғайтуды қарастырып отыр.

Мәмілені жүзеге асыру үшін АҚШ OFAC басқармасының, сондай-ақ Сербияның мемлекеттік және жергілікті органдарының мақұлдауы қажет. Сауда келісіміне 2026 жылдың 31 наурызына дейін қол қойылады деп жоспарланған.

Қазіргі таңда NIS компаниясының негізгі үлесі – 44,85% – «Газпром нефтьке» тиесілі. Тағы 11,3% акция «Газпром капитал» басқаруындағы «Интэлидженс» компаниясына тиесілі. «Газпромның» өзінде NIS-тің бір ғана акциясы бар. Ал Сербия мемлекеті компаниядағы 29,87% үлеске иелік етеді. Компанияда өзге де миноритарлық акционерлер бар.

2025 жылдың басында NIS компаниясы АҚШ-тың санкциялық тізіміне (SDN List) енгізілген болатын. Сербия президенті Александр Вучич сол кезде АҚШ тарабы ресейлік капиталды толық шығару талабын қойғанын мәлімдеген еді.

NIS – Сербия аумағында көмірсутек шикізатын барлау және өндірумен айналысатын жалғыз компания. Сондай-ақ Панчево қаласындағы қуаттылығы жылына 4,8 млн тонна болатын ірі мұнай өңдеу зауыты да осы компанияға тиесілі. NIS мұнай өнімдері нарығында жетекші орынға ие, жанармай құю бекеттерінің желісі көршілес Балқан елдерінде де кеңінен таралған — жалпы саны 400-ден аса станцияны құрайды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ормуз бен Баб-эль-Мандеб: ғасырларға созылған тартыс

Байқаушылар Конгреске өткен аралық сайлаудан кейін АҚШ Иран мен Йемендегі хуситтерге қарсы әскери қимылдарын қайта бастайды деп болжайды. Пентагон мен Израильдің Қорғаныс армиясы бәрін келісіп қойған, енді Ақ үйдің саяси шешімін күтіп отыр. Ормуз бен Баб-эль-Мандеб бұғаздарын АҚШ бақылауына алу үшін Дональд Трамп қандай да бір тың тәсіл ұсына ала ма? Екіталай. Әлем үшін айрықша маңызды осы екі теңіз жолы соңғы бірнеше ғасырда не көрмеді дейсіз.

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.