Евразия24ЖаңалықтарАуғандарды мәжбүрлі түрде депортациялау адам құқықтарының өрескел бұзылуына әкелуі мүмкін – БҰҰ

Ауғандарды мәжбүрлі түрде депортациялау адам құқықтарының өрескел бұзылуына әкелуі мүмкін – БҰҰ

|

|

Кабул. 25 мамыр. ИНТЕРФАКС – Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк елдерді ауған босқындары мен баспана іздеушілерді мәжбүрлі түрде депортациялауды тоқтатуға шақырды. Оның айтуынша, мұндай тәжірибе адам құқықтары мен босқындарды қорғау саласындағы халықаралық нормаларды бұзады.

«Ауғанстандық әйелдер, балалар мен ер адамдар қауіпсіздік іздеп барған елдерден ығыстырылып, өз еркінен тыс Ауғанстанға қайтарылып жатыр. Соның салдарынан олар үлкен қауіпке тап болады», – делінген БҰҰ сайтындағы хабарламада.

БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасы мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері Ауғанстанға шамамен 270 мың адам депортацияланған. Олардың басым бөлігі Иран мен Пәкістаннан қайтарылған. Сонымен қатар Түркия мен Тәжікстаннан да аздаған топтар жіберілген.

БҰҰ дерегіне сәйкес, 2025 жылы Ираннан 1,2 миллионнан астам ауған азаматы, ал Пәкістаннан шамамен 150 мың адам депортацияланған.

Ұйым өткен жылы жарияланған Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі БҰҰ миссиясы мен БҰҰ Адам құқықтары басқармасының баяндамасына сілтеме жасап, мәжбүрлі түрде қайтарылған көптеген ауғандықтардың ел билігі тарапынан негізсіз қамауға алынғанын, азапталғанын және қатыгездікке ұшырағанын еске салды.

БҰҰ бағалауынша, әйелдер мен қыздар, бұрынғы үкімет пен қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері, журналистер, азаматтық қоғам өкілдері және ЛГБТ қауымдастығы өкілдері ерекше қауіп-қатерге тап болып отыр.

Фолькер Тюрк адам құқықтарының өрескел бұзылу қаупі бар адамдарды күштеп қайтару халықаралық құқықта бекітілген «қайтармау қағидатына» қайшы екенін атап өтті.

Сондай-ақ ол кейбір еуропалық елдердің Ауғанстандағы ауыр адам құқықтары жағдайына қарамастан, ауған азаматтарын депортациялауды қайта бастау мүмкіндігін қарастырып жатқанына алаңдаушылық білдірді.

Бұдан бөлек, БҰҰ Ауғанстанның шекара маңындағы аймақтарында гуманитарлық дағдарыс пен қауіпсіздік жағдайының нашарлап жатқанын мәлімдеді. Ұйым дерегінше, соңғы тоқсанда Талибан билікке келгеннен бергі бейбіт тұрғындар арасындағы ең көп шығын тіркелген. Бұл Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы қақтығыстардың күшеюімен байланыстырылады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Volkswagen шығындарды қысқартудың тиімді жолдарын іздеуде

Германияның Volkswagen автоконцернінің бас атқарушы директоры Оливер Блюме шығындарды қысқарту үшін зауыттарды жабудан гөрі тиімдірек шешімдер бар деп есептейді.

Астанадағы инженерлік және энергетикалық инфрақұрылымды дамытуға Үкімет резервінен 16 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Қазақстан Үкіметі Астананың инженерлік және энергетикалық желілерін дамытуға өз резервінен 16,2 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Бұл туралы дүйсенбі күні Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Партиялар назарына

Енді барлық партиялардың съездері өтіп, сайлауалды бағдарламалары жарияланды. Демек, сайлаушылардың таңдау жасауына мүмкіндік бар. Ал саяси партиялардың ұсынған бастамаларын, олардың қоғам мен мемлекеттің бүгінгі қажеттіліктеріне қаншалықты сай келетінін және іс жүзінде жүзеге асыру мүмкіндігін талдамас бұрын, Eurasia24 редакциясы назар аударуға тұрарлық тағы бір маңызды мәселеге тоқталғанды жөн көреді. Өйткені сайлау науқаны қысқа мерзімде аяқталғанымен, жаңа Құрылтайға өтетін партиялардың алдағы бес жылдағы басымдықтары дәл қазір айқындалады.

Табыс өскенімен, жалақы өзгерген жоқ

Бұл жаңалық алғашында жағымды әсер қалдырғанымен, Ұлттық экономика министрлігі өзіне тиімді көрсеткішке – халықтың нақты табысының бір жыл ішінде 0,1%-ға артқанына көбірек мән берген. Ал нақты жалақы индексінің 97,7% болғаны назардан тыс қалған.