Евразия24ЖаңалықтарАзия қор нарықтарында акциялар арзандап, Оңтүстік Корея индексі 4,4%-ға төмендеді

Азия қор нарықтарында акциялар арзандап, Оңтүстік Корея индексі 4,4%-ға төмендеді

|

|

Мәскеу. 20 қазан. ИНТЕРФАКС – Сейсенбі күні Азия елдерінің қор индекстері төмендеп жатыр. Инвесторлар макроэкономикалық көрсеткіштер мен компанияларға қатысты жаңалықтарды саралауда.

Қор нарықтарына мұнай бағасының өсуі және жасанды интеллект саласына салынған инвестицияларға қатысты алаңдаушылық кері әсер етуде.

Қытайдың Shanghai Composite индексі 0,5%-ға, Гонконгтың Hang Seng индексі 1,2%-ға төмендеді.

Сейсенбі күні Қытай Халық банкі бір жылдық несиелер бойынша базалық пайыздық мөлшерлемені (LPR) жылдық 3% деңгейінде сақтады. Орталық банктің хабарлауынша, бес жылдық несиелер бойынша мөлшерлеме де өзгеріссіз, 3,5% деңгейінде қалды.

Trading Economics жариялаған сарапшылардың ортақ болжамында да мөлшерлемелердің өзгеруі күтілмеген. Екі мөлшерлеме де қатарынан 17 ай бойы тарихи ең төменгі деңгейде сақталып келеді.

Hang Seng индексінің құрамында ең көп арзандаған бағалы қағаздар тізімін Lenovo Group бастап тұр. Компания акцияларының бағасы 9,3%-ға төмендеді.

Contemporary Amperex Technology Co. (CATL) компаниясының нарықтық құны 7,6%-ға, CMOC Group – 7,5%-ға, Alibaba Group Holding (SPB: BABA) – 3,6%-ға, CITIC Ltd. – 3,5%-ға азайды.

Ал Hansoh Pharmaceutical компаниясының нарықтық капиталдануы 8,4%-ға өсті. Компания Швейцарияның Roche фармацевтикалық компаниясымен дәрілік препараттарды бірлесіп әзірлеу туралы келісім жасасты. Осы келісім аясында Hansoh Pharmaceutical 15 млрд доллардан астам қаражат алуы мүмкін.

Wuxi Biologics акциялары 6%-ға, Sunny Optical Technology – 4,2%-ға, CSPC Pharmaceutical және Sino Biopharmaceutical компанияларының бағалы қағаздары 3%-ға арзандады.

Metis TechBio биотехнологиялық компаниясының акциялары да 3%-ға төмендеді. Бұған Eli Lilly (SPB: LLY) компаниясымен 1,1 млрд долларлық жаңа келісімшарт жасасқаны туралы хабар да тосқауыл бола алмады.

Жапонияның Nikkei 225 индексі 1,4%-ға төмендеп жатыр.

Индекс құрамындағы компаниялар арасында Resonac Holdings акциялары ең көп арзандап, 9,3%-ға құнсызданды.

Fujikura компаниясының нарықтық құны 6,7%-ға, SoftBank Group – 6,1%-ға, Fuji Electric және Sumco Corp компанияларының капиталдануы 6%-ға қысқарды.

Ал Toho акциялары 4,5%-ға қымбаттады. Nippon Steel, Yokogawa Electric және Seven & I Holdings компанияларының бағалы қағаздары 2,1%-ға, Terumo Corp. акциялары 2%-ға өсті.

Оңтүстік Кореяның Kospi индексі 4,4%-ға төмендеді.

Samsung Electronics компаниясының нарықтық капиталдануы 3,9%-ға, SK Hynix – 5,2%-ға, Korean Air Lines – 3,5%-ға, Posco – 4%-ға азайды. Ал АҚШ нарығындағы 94,6 мың автокөлігін кері қайтарып жатқан Hyundai Motor компаниясының акциялары 6,1%-ға арзандады.

Аустралияның S&P/ASX 200 индексі 0,3%-ға төмендеді.

BHP компаниясының нарықтық құны 1,6%-ға, Rio Tinto компаниясының капиталдануы 0,4%-ға қысқарды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропада әуе билеттері келесі жылы 20 пайызға қымбаттауы мүмкін

Ирландияның Ryanair Holdings Plc лоукостер әуе компаниясының бас директоры Майкл О’Лири келесі жылы Еуропада әуе билеттерінің бағасы бұрын-соңды болмаған қарқынмен өседі деп болжап отыр.

Абай облысындағы арнаулы орталықта мүгедектігі бар балаларға қатыгездік көрсетілген

Егер прокуратура өңірдегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының барлығында балалар құқығының сақталуына тексеру жүргізбегенде, Аягөз ауданында балаларға жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсетілген көптеген дерек мемлекеттік органдардың назарынан тыс қалуы да мүмкін еді.

Алматылықтар ауа сапасына қатысты пікір білдірді

Almaty Air Initiative қорының хабарлауынша, Алматы тұрғындарының 80 пайыздан астамы қала ауасының адам денсаулығына қауіпті екенін айтады. Ал басқа жаққа көшуді шындап ойластырып жүрген немесе көшуді жоспарлаған тұрғындардың үлесі 17 пайыздан 26 пайызға дейін өскен «Зерттеу әлеуметтанушы Серік Бейсембаевтың қатысуымен дайындалды.

Ресей Украинадағы соғыста жеңілді ме?

Бір қарағанда тосын көрінгенімен, Украинадағы соғыста жеңілген тарап Ресей деген тұжырым жасалып отыр. Мұндай тұжырымды өмір жолы сан қилы оқиғаларға толы, ақырында Ресейде «шетелдік агент» деп танылған саясаттанушы Александр Морозов жасады.