Евразия24ЖаңалықтарЕО елдерінде автокөлік сатылымы қазан айында артты

ЕО елдерінде автокөлік сатылымы қазан айында артты

|

|

Брюссель. 25 қараша. ИНТЕРФАКС-КАЗАХСТАН – Еуропалық автокөлік өндірушілер қауымдастығының (ACEA) хабарлауынша, 2025 жылғы қазан айында Еуропалық Одақта (ЕО) жаңа автокөліктердің сатылымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,8%-ға өсті.

Ай ішінде ЕО елдерінде 916,6 мың жаңа жеңіл көлік тіркелген. Өткен жылдың қазан айында бұл көрсеткіш 866,1 мыңды құраған болатын.

Испанияда автокөлік сатылымы 15,9%-ға, Германияда – 7,8%-ға өсті. Францияда өсім 2,9%-ды құрады, ал Италияда керісінше – 0,5%-ға төмендеді.

Еуропа бойынша жалпы (ЕО елдері, сондай-ақ Исландия, Норвегия, Швейцария және Ұлыбритания) автокөлік сату көлемі 4,9%-ға өсіп, 1,09 млн бірлікті құрады. Ұлыбританияда сатылым 0,5%-ға ұлғайып, 144,95 мың автокөлікке жетті.

Электромобильдерге деген сұраныс айтарлықтай артты – ЕО бойынша олардың сатылымы 38,6%-ға өсіп, 173,17 мың бірлікті құрады.

Volkswagen тобы (оның құрамына Skoda, Audi, Seat, Porsche және басқалары кіреді) ЕО нарығындағы сатылымын 7,9%-ға ұлғайтты, Stellantis – 6,6%, Renault – 10%, BMW AG – 8,7%, Mercedes-Benz – 2%-ға арттырды. Ал Toyota Group сатылымы 10,8%-ға, Ford Motor – 8,8%-ға төмендеді. Hyundai Group 0,1%-ға өсім көрсетті. Tesla компаниясы Еуропалық одақта қазан айында 5,65 мың көлік сатқан, бұл өткен жылмен салыстырғанда 48%-ға аз. Қытайлық BYD компаниясы керісінше, сатылымын үш есеге жуық арттырып, 13,35 мың көлік өткізген. Қаңтар–қазан аралығында ЕО елдерінде автокөлік сатылымы 1,4%-ға өсіп, 8,974 млн бірлікке жетті. Электромобильдердің жалпы сатылымдағы үлесі 16,4%-ды құрап, өткен жылғы 13,2%-бен салыстырғанда едәуір артқан.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Трамп Вашингтонда салтанатты арканы ұшқышсыз ұшу аппараттары мен снайперлерді орналастыру үшін пайдалануды жоспарлап отыр

Вашингтонда салынуы жоспарланып отырған салтанатты аркада әскери мақсаттағы жабдықтар орнатылады, деп мәлімдеді жексенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамп.

Чилидің экс-президенті Бачелет БҰҰ бас хатшысы қызметі үшін күрестен бас тартады

Чилидің бұрынғы президенті Мишель Бачелет БҰҰ бас хатшысы қызметі үшін күресті тоқтататынын мәлімдеді.

Трамп ЖИ бойынша арнайы құрылымдар құру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді

АҚШ Президенті Дональд Трамп бұл саланың одан әрі дамуына қатысты мәселелерді шешуге қатысу үшін «жасанды интеллект күштерін» — арнайы құрылым құратынын мәлімдеді.

КХДР шығыс бағытта тағы бір зымыран ұшырды

Оңтүстік Корея әскери қолбасшылығының деректеріне сілтеме жасай отырып «Ренхап» агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні КХДР армиясы Жапон теңізі бағытында тағы бір зымыран ұшырды.