Евразия24ЖаңалықтарЕрлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болып тағайындалды

Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болып тағайындалды

|

|

Астана. 31 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қаринді республика вице-президенті қызметіне тағайындады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Қарин Ерлан Тынымбайұлы бұрын атқарған лауазымынан босатылып, Қазақстан Республикасының Вице-Президенті болып тағайындалсын», – делінген Президент Жарлығында.

Дүйсенбі күні бұған дейін Құрылтай Ерлан Қаринді Қазақстанның вице-президенті қызметіне тағайындауға келісім берген болатын.

50 жастағы Ерлан Қарин осыған дейін Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Әр жылдары Мемлекет басшысының кеңесшісі, көмекшісі және Мемлекеттік хатшы болды.

Қазақстанда референдумда қабылданған жаңа Конституция 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енді. Негізгі өзгерістердің бірі – Қазақстанның вице-президенті лауазымының енгізілуі.

Конституцияға сәйкес, вице-президентті Құрылтай депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен берілген келісім негізінде Мемлекет басшысы тағайындайды.

Вице-президент Құрылтаймен, Үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Президенттің атынан өкілдік етеді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы белгілейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Президент өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе Мемлекет басшысы қайтыс болған жағдайда, президент сайлауы өткенге дейін оның өкілеттігі вице-президентке өтеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Гранатасыз, «құрбысыз» қалған Гүлнар: бұл хикая әлі біткен жоқ…

Құрылтай сайлауының қызу да бірсарынды науқаны кезінде «Еуразия24» редакциясының...

Танымалдық деген осы шығар

Ақмарал Баталованың «Купол юрты»  арнасында Наталия Асеевамен болған «Тарихымызды кім жазып жүр?» атты сұхбат жарияланды . Жазба көрермен арасында қызу талқыға түсіп, екі жарым мыңға жуық пікір қалдырылған.

Өсімқорлықпен айналысқан Ростовщиков 1 млрд теңгеге жуық заңсыз табыс тапқан

Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз несие беріп, үстінен пайыз алып келген ер адам екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Бір қызығы, оның тегі де айналысқан ісіне сай келіп тұр.

Батыста Ресей әрекетін талқылауға шектеу қойылған

Еуропалық одақ елдерінде қоғамдық пікірге ықпал ету әрекеттері, шамасы, қоғамның «түсіндіру» мен «ақтаудың» арасындағы айырмашылықты ажыратуына кедергі келтірді. Қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан кейін Ресей НАТО-ның кеңеюін өз қауіпсіздігіне төнген басты қатер, ал Украинаның альянсқа қосылуын елдің өмірлік мүддесіне тікелей қауіп деп қабылдағанын көрсететін деректер аз емес.