Евразия24ЖаңалықтарХалықаралық станцияға жүк жеткізетін жаңа аппарат ұшырылды

Халықаралық станцияға жүк жеткізетін жаңа аппарат ұшырылды

|

|

Токио. 26 қазан. ИНТЕРФАКС.
Жапонияның жаңа HTV-X1 жүк ғарыш кемесі жексенбі күні Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) алғашқы сапарын сәтті бастады. Бұл туралы Жапонияның Әуе-ғарыш зерттеулері агенттігі (JAXA) хабарлады.

Кеме H3-24 тасығыш зымыраны арқылы Жапонияның оңтүстік-батысындағы Танэгасима ғарыш орталығынан жергілікті уақытпен 09:00-де (Мәскеу уақытымен 03:00-де) ұшырылған.

HTV-X1 ХҒС-қа шамамен 6 тонна жүк, соның ішінде азық-түлік, жабдық және ондаған ғылыми зерттеуге арналған материалдар жеткізеді.

Кеменің станциямен түйісуі 29 қазанға жоспарланған. Ол Canadarm-2 манипулятор қолының көмегімен ілігіп, америкалық Harmony модулінің түйісу торабына жалғанады. Аппараттың жыл соңына дейін станция құрамында болуы жоспарланып отыр.

HTV-X1 — жаңа буындағы жүк кемелерінің алғашқысы. Ол 2009–2020 жылдары тоғыз рет ұшырылған HTV сериясының қабылдаушысы саналады. Жаңа аппараттың басты артықшылығы — жүк көтергіштігі жоғары және ХҒС-қа алты айға дейін түйісіп тұра алады.

Кеме жалпы 5850 кг жүк тасымалдауға қабілетті (оның 4070 кг-ы — герметикалық бөлімде). Сондай-ақ герметикаланбаған платформада 2 тоннаға дейінгі ірі көлемді жүкті жеткізе алады.

Аппараттың массасы 16 тонна, ұзындығы 8 метр, диаметрі 4,4 метр. HTV-X1 JAXA тапсырысымен Mitsubishi Heavy Industries компаниясы шығарған.

JAXA бұл кемені ХҒС-тан ажырағаннан кейін 18 айға дейін околоземдік орбитада жаңа технологияларды сынауға пайдаланбақ. Орбитадан шығарылған соң, аппарат Жер атмосферасының тығыз қабаттарында жанып кетеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Армения – манипуляциялық озық технологиялар мүмкіндігінің айқын үлгісі

Елуге жуық мемлекеттің басшылары мен үкімет мүшелері заманауи ақпараттық қоғамдағы саяси технологиялардың пәрменділігіне көз жеткізу мақсатында Ереван саммитіне жиналды. 2020 жылғы 27 қыркүйек пен 10 қараша аралығында болған Екінші Қарабақ соғысына дейінгі «ескі әлем» тәртібі бойынша, Армения премьер-министрі Арцахтан (Таулы Қарабақ) айырылғаны үшін ең кемі билігінен, тіпті бостандығы мен өмірінен де айырылуы мүмкін еді. Алайда қазіргі жаңа таңда Никол Пашинян Еуропалық саяси қоғамдастықтың сегізінші отырысы мен Армения – ЕО алғашқы саммиті аясында меймандар арасында ерекше серпінмен бой көрсетті.

Шенділердің пәрмені: Прокурорлар жұмыссыздықпен күресуде

Өңірлерде прокурорлар жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру ісімен айналыса бастады. Заңның сақталуын қадағалайтын сақшылар өздеріне тән емес салаға араласып кеткендей әсер қалдырады.

Неліктен Орталық Азияны Жеңіс тарихынан шеттетіп жатыр?

Қырғызстандық саясаттанушы, тарихи жады мен ақпараттық соғыстар жөніндегі сарапшы Дмитрий Орлов тарихты қайта жазу үрдісі мен мұндай күмәнді науқанның салдарын өте дәл аңғара білген.

Қаңғыбас иттердің тағдыры шешілді

Міне, осымен бәрі аяқталды – Парламент жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнамаға түзетулерді қабылдады. Енді қайтарымсыз аулау мемлекеттік деңгейде заңды күшіне енді.