Евразия24ЖаңалықтарМәжіліс коммуналдық меншікке қарасты энергия өндіруші ұйымдарды салық салу мәселелері бойынша түзетулерді...

Мәжіліс коммуналдық меншікке қарасты энергия өндіруші ұйымдарды салық салу мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады

|

|

Астана. 10 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күнгі пленарлық отырыста екі оқылымда бірден қарап, «Қазақстан Республикасының Бюджетке төленетін салықтар мен өзге де міндетті төлемдер туралы» кодексіне (Салық кодексі) коммуналдық меншікке тиесілі энергия өндіруші ұйымдарға салық салу мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады.

Мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің қорытындысында көрсетілгендей, құжат депутаттар бастамасымен әзірленген. Оның мақсаты – коммуналдық меншікке тиесілі, электр энергиясын, су (дистиллят) және жылу энергиясын өндіру қызметін қатар жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдарға бөлінетін мемлекеттік субсидияларды толық игеруге жағдай жасау.

Түзетуге сәйкес, салық салу мақсатында табыс ретінде танылмайтын қаражаттар тізбесіне үкімет резервінен және жергілікті атқарушы органдардан бөлінетін субсидиялар, сондай-ақ 100% акциясы мемлекетке тиесілі, коммуналдық меншікке жататын және электр энергиясын, су (дистиллят) және жылу энергиясын өндірумен қатар айналысатын энергия өндіруші ұйымдарға берілетін гранттар немесе өзге де өтеусіз көмек енгізіледі.

Бұған қоса, түзету шеңберінде үкімет резервінен және жергілікті атқарушы органдардан бөлінетін субсидиялар, гранттар немесе өзге де өтеусіз көмек есебінен жүзеге асырылған шығыстар шегерімге жатқызылмайтыны белгіленді. Бұл норма 100% акциясы мемлекетке тиесілі, коммуналдық меншікке қарасты энергия өндіруші ұйымдарға қолданылады.

Қабылданған заң Сенаттың қарауына жіберілді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.