Евразия24ЖаңалықтарОрталық Азия елдерінің СІМ басшылары АҚШ мемлекеттік хатшысымен “С5+1” форматы аясындағы ынтымақтастықты...

Орталық Азия елдерінің СІМ басшылары АҚШ мемлекеттік хатшысымен “С5+1” форматы аясындағы ынтымақтастықты талқылады

|

|

Астана. 6 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен өткен кездесуіне қатысты. Бұл кездесу “С5+1” форматындағы мерейтойлық саммит қарсаңында өтті, деп хабарлайды бейсенбі күні ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Келіссөз барысында тараптар кеңейтілген стратегиялық әріптестік перспективаларын және екіжақты күн тәртібіндегі сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

“Кездесу барысында Қазақстан АҚШ-тың Орталық Азиядағы жетекші экономикалық әріптесі екені атап өтілді. Егемендік жылдарында елімізге тартылған тікелей америкалық инвестициялардың жалпы көлемі 60 миллиард АҚШ долларынан асып, бұл көрсеткіш өңір бойынша тікелей инвестициялардың 80%-дан астамын құрап отыр”, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Келіссөздерде “С5+1” форматы аясындағы өңірлік ынтымақтастық мәселелеріне де баса назар аударылды.

Министр Ермек Көшербаев бұл диалог алаңы құрылған он жыл ішінде Орталық Азияда өзара сенімді, түсіністік пен өркендеуді нығайтуға ықпал ететін тиімді құралға айналғанын атап өтті.

Кездесу барысында сондай-ақ мемлекет басшыларының алдағы уақытта екіжақты және көпжақты форматтарда өтетін кездесулеріне дайындық мәселелері қаралды.

АҚШ тарапы өңірлік ынтымақтастықты тереңдетуге және тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыруда әріптестікке қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді, делінген хабарламада.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Airbus A380 ұшақтарында ақау анықталып, шұғыл тексеру басталды

Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі (EASA) Airbus A380 ұшақтарының бірқатарында қанат құрылымының элементтерінен жарықтар анықталғаннан кейін 16 әуе кемесіне шұғыл тексеру жүргізуді міндеттеді.

Еурокомиссия трансшекаралық қылмыспен күресті күшейту үшін Еуропол мен Еуроюст өкілеттіктерін кеңейтуді ұсынды

Еуропалық комиссия (ЕК) қылмыстың барған сайын күрделеніп, халықаралық әрі цифрлық сипат алып отырған жағдайында Еуроодақтың оған қарсы әрекет ету мүмкіндіктерін күшейтуге бағытталған жаңа шараларды ұсынды.

MSC Каспий жағалауындағы порттарды дамытуға инвестиция салмақ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның Mediterranean Shipping Company (MSC) компаниясының аға вице-президенті Эдуард Зигристпен кездесіп, еліміздегі көлік және логистика саласындағы инвестициялық жоспарларды талқылады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Тоқаевтың Брюссельге сапары аясында Қазақстан мен ЕО арасында 12 млрд доллардан астам сомаға келісімдер жасалмақ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Брюссельге сапары барысында еуропалық серіктестермен жалпы құны 12 млрд доллардан асатын келісімдерге қол қою жоспарланып отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.