Евразия24ЖаңалықтарСенат халықаралық байқаулар жеңімпаздарына 6 млн теңгеге дейін сыйақы қарастырылған заң жобасын...

Сенат халықаралық байқаулар жеңімпаздарына 6 млн теңгеге дейін сыйақы қарастырылған заң жобасын Мәжіліске кері қайтарды

|

|

Астана. 6 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Парламентінің Сенаты бейсенбі күнгі жалпы отырыста «Мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарап, өз түзетулерімен Мәжіліске қайтарды.

Сенаторлар енгізген маңызды өзгерістердің бірі – концерттік, ойын-сауық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар кезінде ұйымдастырушыларға, шығармашылық ұжымдарға және орындаушыларға вокалдық фонограммаларды қолдануға тыйым салу. Бұл тыйым тележазбалар мен арнайы концерт өткізуге арналмаған орындардан басқа жағдайларға қолданылады. Сонымен қатар музыкалық туындылар фонограммамен орындалатын жағдайда, көрерменді алдын ала хабардар ету талап етіледі.

Бұдан бөлек, бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларда авторлық құқық нысаны болып табылатын шығармаларды көпшілікке жария қолдану кезінде автордың аты-жөнін көрсету талаптары қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді.

Сенаттың түзетулері бойынша, енді аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының құрылысын, қайта жаңғыртуын және күрделі жөндеуін жыл сайын қаржыландыру тізімінен алынып тасталды.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов бұл заң жобасында халықаралық ғылыми жобалар байқауларының жеңімпазы атанған дарынды оқушылар мен олардың тәлімгерлеріне бір реттік сыйақы төлеу нормасы қарастырылғанын хабарлаған болатын. Жобаға сәйкес, жеңімпаздарға берілетін сыйақының ең жоғары мөлшері шамамен 6 миллион теңгені құрамақ.

Сонымен қатар заң жобасында жеке меншік білім беру ұйымдарына атау беру және өзгерту кезінде ономастикалық комиссиямен келісу рәсімін енгізу көзделген.

Жаңа түзетулер аясында еліміздегі оқушыларға «Ақылман» атты арнайы жеңілдік картасын енгізу ұсынылуда. Бұл карта мәдениет мекемелеріне жеңілдікпен баруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ мемлекеттік кітапханаларға білім беру және мәдени шараларды ақылы түрде өткізу құқығы беріледі.

Бұған қоса, түзетулерге сәйкес, мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған түлектер мемлекеттік білім беру грантын өтеу міндетінен босатылады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда 460 мың оқушыға арналған 217 жаңа мектеп салынды

Қазақстанда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аяқталды. Жоба аясында 460 мың оқушы орнына есептелген 217 жаңа мектеп бой көтерді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Сирия Израиль соққы жасаған әуе базасына түрік әскерін орналастыру жоспары болмағанын мәлімдеді

Сирия «Абу-ад-Духур» әуе базасындағы әскери күшті арттыру мәселесінде Түркиямен бірлескен жұмыс жүргізбеген. Соған қарамастан Израиль аталған нысанға соққы жасады.

Бір миллионға жуық ауыл тұрғыны медициналық қызметпен қамтылды

Қазақстанда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында алғашқы медициналық-санитарлық көмектің (МӘСК) 655 нысаны салынды..

Қытай АҚШ пен Иранды мәселені келіссөз арқылы реттеуге шақырды

Қытай АҚШ пен Иран арасындағы шиеленісті санкциялар мен қысым арқылы емес, келіссөз жолымен реттеу қажет деп санайды. Бұл туралы CGTN телеарнасы хабарлады.