Евразия24ЖаңалықтарПарсы шығанағының қауіпсіз дамуына қатысты шешуші сөз аймақтағы мемлекеттердің өзіне тиесілі болуы...

Парсы шығанағының қауіпсіз дамуына қатысты шешуші сөз аймақтағы мемлекеттердің өзіне тиесілі болуы тиіс – Лавров

|

|

Манама. 18 қазан. ИНТЕРФАКС – Ресей Парсы шығанағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты жолы жағалаудағы мемлекеттер мен оларға көршілес елдер арасындағы тікелей диалог деп есептейді. Мұндай диалогқа жағдай жасауға аймақтан тыс елдерді, қажет болған жағдайда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерін де тартуды ұсынады. Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді.

«Әлемдік стратегиялық маңызы зор бұл аймақтың қауіпсіз дамуын қамтамасыз ету жолдарын айқындауда шешуші сөз Парсы шығанағы жағалауындағы мемлекеттердің өзіне тиесілі болуы керек деп санаймыз. Сондықтан біз шығанақ жағалауындағы елдер мен олардың Ирак және Иордания сияқты көршілері арасында тікелей диалог орнатуға қажетті жағдай жасауды басты назарда ұстаймыз», – деді Лавров Ресей мен Парсы шығанағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі арасындағы стратегиялық диалогтың тоғызыншы министрлік отырысында.

Ресей СІМ басшысының айтуынша, Мәскеу мұндай диалогты дамытуға аймақтан тыс тараптарды да қатыстыруды ұсынады.

«Өздеріңіз білетіндей, бұл жұмысқа Араб мемлекеттері лигасы мен Ислам ынтымақтастығы ұйымының басшылығын да тартуды ұсынып отырмыз. Егер сіздер мүдделі болсаңыздар, осы үдеріске қолдау көрсету үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері де қатыса алады», – деді ол.

Лавров Ресейдің аймақта ауқымды соғыстың қайта басталуына жол бермеуге бағытталған бітімгерлік бастамаларды, соның ішінде осы жиынға қатысып отырған мемлекеттердің күш-жігерін қолдайтынын атап өтті.

«Біз Парсы шығанағы аймағында ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жаңартылған тұжырымдамамызды осы іске қосқан үлесіміз деп санаймыз», – деді министр.

Оның айтуынша, аталған құжаттың бұған дейінгі нұсқалары бірнеше ондаған жыл бойы Парсы шығанағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесіне мүше елдердің саяси, ғылыми және сарапшылық қауымдастықтары өкілдерімен талқыланып келген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қымбатшылықтың көрінбейтін салмағы

Дүкенге кіргенде бұрын 10 мың теңгеге толтырып шығатын сөмкеңіз қазір неге жартылай ғана толады? Бұрын ұсақ көрінген бірнеше жүз теңгелік айырмашылық бүгін отбасы бюджетінің ең үлкен мәселесіне айналып барады. Нан қымбаттайды, еттің бағасы өседі, киім алу қиындайды. Ал ай соңында жалақы түскен күні қуаныштан бұрын есеп басталады: азық-түлікке қанша, жолға қанша, балаға қанша, несиеге қанша, коммуналдық төлемге қанша қалады?Қымбатшылықтың ең ауыр салмағы да - осында.

Тайвань Қытай әскерінің қозғалысын жедел анықтайтын жасанды интеллект жүйесіне тапсырыс берді

Тайвань билігі спутниктен түсірілген суреттерді жасанды интеллект көмегімен талдап, Қытай Халық азаттық армиясы (ҚХАА) күштерінің орналасуындағы өзгерістерді жедел анықтайтын жүйені сатып алуға келісімшарт жасасты. Бұл туралы сенбі күні South China Morning Post басылымы хабарлады.

Тунисте президент саясаты мен экономикалық жағдайға қарсы наразылық шерулері өтіп жатыр

Сенбі күні Тунисте президент Каис Саидтың саясатына қарсы мыңдаған адам наразылық шеруіне шықты. Бұл туралы Батыс ақпарат құралдары хабарлады.

Трамп әзірге Ресейден энергия ресурстарын сатып алатын елдерге баж салығын енгізбеуге шешім қабылдады

АҚШ президенті Дональд Трамп биыл күзде өзі қол қойған «Грэм заңында» көзделген бірқатар ауқымды санкцияны әзірге қолданбау туралы шешімін Конгреске хабарлады. Бұл туралы сенбіге қараған түні Ақ үй мәлімдеді.