Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан ЕАЭО аумағынан экспортталатын тауарлардың шығу тегін айқындау туралы келісімді ратификациялады

Қазақстан ЕАЭО аумағынан экспортталатын тауарлардың шығу тегін айқындау туралы келісімді ратификациялады

|

|

Астана, 26 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шығу тегін айқындаудың үйлестірілген жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

Келісімнің мақсаты – ЕАЭО аумағынан экспортталатын тауарлардың шығу тегін айқындау, куәландыру және растау тәсілдерін біріздендіру үшін құқықтық негіз қалыптастыру.

Құжатта тауарлардың шығу тегін айқындаудың бірыңғай өлшемдері белгіленген. Толықтай бір елде өндірілген тауарларға пайдалы қазбалар, өсімдік және мал шаруашылығы өнімдері, сондай-ақ электр және жылу энергиясы жатқызылған.

Сонымен қатар, тауардың шығу тегіне әсер етпейтін операциялардың тізбесі айқындалған. Оларға жуу, орау және қарапайым құрастыру жұмыстары жатады.

Келісімге сәйкес, тауарлардың шығу тегін растау экспорттық баждар мен тарифтік емес реттеу шаралары (тыйымдар, квоталар, рұқсат беру тәртібі) олардың қай елде өндірілгеніне байланысты қолданылатын жағдайларда жүзеге асырылады. Осы процестің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Еуразиялық экономикалық комиссияға мұндай шаралардың бірыңғай тізілімін жүргізу өкілеттігі берілген.

Сондай-ақ құжатта уәкілетті және верификация жүргізетін органдардың функциялары айқындалған. Тексерулер жүргізу тәртібі, оның ішінде өндірістік нысандарды инспекциялау және экспорттаушылардың коммерциялық құжаттарын тексеру рәсімдері белгіленген.

Бұдан бөлек, келісім аясында рәсімдерді цифрландыру мәселелері қарастырылған. Электрондық верификация жүйелерін енгізу арқылы үшінші елдердің құзыретті органдары сертификаттардың түпнұсқалығын нақты уақыт режимінде тексере алады. Бұл өз кезегінде қазақстандық тауарлардың сыртқы нарықтарға шығуын жеңілдетеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Қазақстан-Германия инвестициялық-қаржы платформасын құруды ұсынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның экономикалық қауымдастықтары мен қаржы институттарының өкілдерімен кездесуде Қазақстан-Германия инвестициялық-қаржы платформасын құруды ұсынды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Мұнай бағасы төмендей бастады, Brent барреліне $104,4-ке дейін арзандады

Сейсенбі күні АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің жалғасып жатқаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы төмендей бастады.

Иран мұнайына шектеу қойылса, Таяу Шығыстан мұнай экспорты тоқтайды – Галибаф

Иранның экономикалық қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, Таяу Шығыстағы бірде-бір ел мұнай экспорттай алмайды. Бұл туралы сейсенбі күні Иран парламентінің спикері Мохаммад Багер Галибаф мәлімдеді.

Жапония Typhon зымыран ұшыру қондырғысын Кюсюден Окинаваға ауыстырады

Жапонияның қорғаныс министрі Синдзиро Коидзуми әскерилер америкалық Typhon жерүсті зымыран ұшыру қондырғысын елдің оңтүстік-батысындағы Кюсю аралынан Окинаваға ауыстыратынын мәлімдеді, деп хабарлады сейсенбі күні «Киодо» агенттігі.