Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан түркі мемлекеттері арасындағы төтенше жағдайларда өзара көмек туралы келісімді ратификациялады

Қазақстан түркі мемлекеттері арасындағы төтенше жағдайларда өзара көмек туралы келісімді ратификациялады

|

|

Астана, 26 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркі мемлекеттері ұйымының азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

Құжаттың мақсаты – Түркі мемлекеттері ұйымына мүше және бақылаушы елдер аумағында, сондай-ақ өзге мемлекеттерде туындауы мүмкін табиғи апаттар мен төтенше жағдайларға бірлесіп әрекет ету тетігін қалыптастыру.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Кеген Тұрсынбаев атап өткендей, келісім төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында тиімді халықаралық өзара іс-қимыл жүйесін құруға бағытталған. Көмек зардап шеккен мемлекеттің сұрауы бойынша және ерікті негізде көрсетіледі, ал тиісті шешімдер консенсус арқылы қабылданады.

Азаматтық қорғау тетігінің негізгі функцияларына жедел әрекет ету, адамдардың өмірі мен мүлкін құтқару, медициналық көмек көрсету, шұғыл байланыс орнату, мониторинг пен талдау жүргізу, уақытша баспанамен қамтамасыз ету, гуманитарлық көмек көрсету, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу мен дайындықты қамтамасыз ету және тәжірибе алмасу кіреді.

Әкімшілік жұмыс органдары ретінде министрлер кеңесі мен хатшылық белгіленген, оның штаб-пәтері Ыстамбұл қаласында орналасады. Министрлер кеңесін Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалық ететін елдің төтенше жағдайлар жөніндегі ведомствосының басшысы басқарады.

Келісімде тараптардың қаржылық міндеттемелері де қарастырылған. Азаматтық қорғау тетігінің жеке бюджеті болады, ол қатысушы мемлекеттердің жыл сайынғы міндетті жарналары есебінен қалыптастырылады. Әр тарап үшін жылдық жарна көлемі 50 мың АҚШ долларын құрайды. Ал келісім күшіне енген алғашқы екі жыл ішінде көрсетілген жарналардан асатын шығындарды Түркия Республикасы өтейтін болады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Майлы және бұршақ дақылдарының рекордтық өнімі: Елде жаңа элеваторлар салынады

Қазақстанда бұршақ және майлы дақылдар өндірісінің күрт артуына байланысты өнімді бөлек сақтау мәселесі өзекті болып отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді.

Қазақстанда егіс науқаны басталды: 4,5 млн гектар жерге дән себілді

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Қазақстанның барлық өңірінде егіс науқаны басталғанын мәлімдеді.

Үкімет басшысы аграрлық секторды жеңілдікпен қаржыландырудағы бюрократияны жоюды тапсырды

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Байтерек» холдингіне аграршылардың жеңілдікпен қаржыландыруға беретін өтінімдерін қарау рәсімдерін жеңілдетуді тапсырды.

Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқыны артады

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту деңгейін 6,5%-дан 8%-ға дейін көтеруді көздеп отыр.