Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан мен Әзербайжан басшылары стратегиялық әріптестік пен одақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Әзербайжан басшылары стратегиялық әріптестік пен одақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

|

|

Астана. 24 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады. Бұл туралы сәрсенбі күні Қазақстан басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке бауырлас әзербайжан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметінде толағай табыстар тіледі. Сондай-ақ оның елдің мемлекеттілігі мен егемендігін нығайтудағы, орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз етудегі және Әзербайжанның халықаралық аренадағы беделін арттырудағы айрықша рөлін атап өтті.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, әңгіме барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынастардың жоғары қарқынын атап өтіп, стратегиялық әріптестік пен одақтастықты одан әрі тереңдету перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне назар аударылды.

«Жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді сапалы іске асыруға, оның ішінде биылғы 20–21 қазанда Ильхам Әлиевтің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында жасалған уағдаластықтарды жүзеге асыруға ерекше мән берілді», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ормуз бен Баб-эль-Мандеб: ғасырларға созылған тартыс

Байқаушылар Конгреске өткен аралық сайлаудан кейін АҚШ Иран мен Йемендегі хуситтерге қарсы әскери қимылдарын қайта бастайды деп болжайды. Пентагон мен Израильдің Қорғаныс армиясы бәрін келісіп қойған, енді Ақ үйдің саяси шешімін күтіп отыр. Ормуз бен Баб-эль-Мандеб бұғаздарын АҚШ бақылауына алу үшін Дональд Трамп қандай да бір тың тәсіл ұсына ала ма? Екіталай. Әлем үшін айрықша маңызды осы екі теңіз жолы соңғы бірнеше ғасырда не көрмеді дейсіз.

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.