Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Президенті БАӘ Ұлттық күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті БАӘ Ұлттық күнімен құттықтады

|

|

Астана, 2 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянды және әмірлік халқын Ұлттық күнмен құттықтады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы жолдаған жеделхатта БАӘ-нің тұрақты даму мен қауіпсіздікті нығайту бағытындағы жоғары беделі жаһандық деңгейде мойындалғаны атап өтілген. Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы көпқырлы ынтымақтастық одан әрі де халықтардың игілігі үшін тереңдей түсетініне сенім білдірді», – делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға ел басқарудағы жауапты қызметіне табыс, ал Әмірліктер халқына амандық пен өркендеу тіледі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...