Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Президенті Бразилиямен өзара тиімді ынтымақтастықтың нығая түсетініне сенім білдірді

Қазақстан Президенті Бразилиямен өзара тиімді ынтымақтастықтың нығая түсетініне сенім білдірді

|

|

АСТАНА. 7 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилияның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Луис Инасиу Лула да Силваны құттықтады, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Қазақстан Президенті достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, алдағы уақытта да өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді», – делінген ресми хабарламада.

Құттықтау жеделхатында Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Президентіне жауапты қызметінде табыс, ал бразилия халқына – өсіп-өркендеу мен игілік тіледі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Иран Пикакс тауындағы жерасты нысанының қорғанысын күшейтіп жатыр

Иран Пикакс тауының астындағы ядролық бағдарламамен байланыстырылатын нысанның кіреберістерін қосымша бекіте бастаған. Вашингтондағы Ғылым және халықаралық қауіпсіздік институты (ISI) 11 қыркүйекте түсірілген спутниктік суреттерді зерттеп, осындай қорытындыға келді.

SpaceX 28 қыркүйекте Starship-ті алғаш рет Жер орбитасына ұшырады

Ай мен Марсқа адам ұшыру үшін жасалып жатқан Starship ғарыш кемесі 28 қыркүйекте алғаш рет Жер орбитасына шығады. SpaceX мәліметінше, бұл жолы кеме бұған дейінгі сынақтардағыдай суборбиталық бағытпен шектелмей, Жерді толық айналып ұшады.

Азия қор нарықтарының басым бөлігі өсіп жатыр

Жұма күні Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі қор индекстерінің басым бөлігі жоғарылап келеді. Австралия нарығында ғана аздаған төмендеу байқалды.

Еурокомиссия Украинаға дрондар мен зымырандар сатып алуға 3,3 млрд еуро бөледі

Еуропалық комиссия Украинаға қару-жарақ сатып алуға 3,3 млрд еуро аударатынын мәлімдеді. Қаражат Украинаға қолдау көрсетуге арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасы аясында жұма күні Киевке беріледі.