Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Президенті МАГАТЭ басшысына ядролық қауіпсіздікті нығайтуға практикалық үлес қосуға бейілді екенін...

Қазақстан Президенті МАГАТЭ басшысына ядролық қауіпсіздікті нығайтуға практикалық үлес қосуға бейілді екенін мәлімдеді

|

|

Тоқаев Гроссиге БҰҰ Бас хатшысы лауазымына кандидатурасын ұсыну ісіне табыс тіледі

Астана. 26 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) бас директоры Рафаэль Гросси сейсенбі күні Астанада екіжақты ынтымақтастықтың келешегін, сондай-ақ ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Сіздің 2023 жылғы сәуірде Қазақстанға жасаған алғашқы сапарыңыз ынтымақтастығымызға қосымша серпін берді. Ядролық қарусыздану және таратпау мәселелерінде ұстанымымыз ортақ деп есептеймін. Сонымен қатар, қазіргі әлемде жаһандық проблемаларды шешуге ортақ тәсілдер қалыптастыру үшін күш біріктіруді талап ететін күрделі жағдай қалыптасып отыр», – деді Тоқаев. Президенттің сөзін баспасөз қызметі келтірді.

Мемлекет басшысы Қазақстанның ядролық қауіпсіздікті нығайтуға және мемлекеттер арасындағы сенімді арттыруға бағытталған халықаралық күш-жігерге алдағы уақытта да нақты үлес қоса беруге берік ниетті екенін айтты. Осы тұрғыда ол халықаралық келісімдер болған жағдайда Қазақстанның Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жағдайды реттеуге ізгі ниет негізінде жәрдемдесуге дайын екенін тағы да растады.

Өз кезегінде Рафаэль Гросси Қазақстанның жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайтуға және ядролық қаруды таратпау режиміне тұрақты бейілділігін жоғары бағалады.

МАГАТЭ басшысы Қазақстанды атом энергетикасын дамыту бағдарламасын іске асырудың басталуымен құттықтады. Аталған шешім АЭС салу мәселесі бойынша өткен жалпыұлттық референдум қорытындысы бойынша қабылданған болатын. Сонымен қатар ол Қазақстанның ықтимал келісімдерді жүзеге асыру үшін қажетті саяси беделге, инфрақұрылымға және ғылыми-техникалық базаға ие екенін атап өтті.

Кездесу соңында Тоқаев Гроссиге БҰҰ Бас хатшысы қызметіне кандидатурасын ұсыну ісіне сәттілік тіледі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ирак, АҚШ және Сирия Ормуз бұғазын айналып өтетін мұнай құбырын қайта іске қосуды жоспарлап отыр

Ирак, АҚШ және Сирия Ирактың Киркук қаласынан Сирияның Банияс портына дейін тартылған мұнай құбырын қайта іске қосу жобасын әзірлеуде. Бұл бағыт мұнайды Ормуз бұғазын айналып өтіп экспорттауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Middle East Eye басылымы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Иранның Жоғарғы көшбасшысы әкесінің өлімі үшін кек алуға уәде берді

Иранның Жоғарғы көшбасшысы аятолла Моджтаба Хаменеи әкесі, аятолла Әли Хаменеидің қазасы жауапсыз қалмайтынын мәлімдеді.

АҚШ Судандағы химиялық қару қорына халықаралық инспекция жүргізуге шақырды

АҚШ Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы (ХҚТҰ) Атқарушы кеңесінің отырысында Суданға халықаралық инспекторларды жіберу қажет екенін мәлімдеді.

Пентагон бұрын құпия болған НЛО-ға қатысты жаңа материалдарды жариялады

Пентагон өз сайтында бұрын құпия сақталған анықталмаған аномальды құбылыстарға (UAP) қатысты материалдардың кезекті топтамасын жариялады.