Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда Алатау қаласының ерекше құқықтық режимі туралы конституциялық заң қабылданды

Қазақстанда Алатау қаласының ерекше құқықтық режимі туралы конституциялық заң қабылданды

|

|

Астана. 8 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Алатау қаласының ерекше құқықтық режимі туралы» конституциялық заңға қол қойды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Заңның негізгі мақсаты — Алатау қаласының қарқынды әрі тұрақты дамуына жағдай жасау. Құжатқа сәйкес, Алатау жобасы дербес экожүйе ретінде қарастырылады. Ол жеке қаржылық модельге, арнайы басқару режиміне және жаңа институционалдық негізге сүйенеді.

Заң аясында «Alatau City Authority» атты жаңа орган құрылады. Оның қызметін Премьер-министр төрағалық ететін кеңес айқындайды.

Сондай-ақ заң инвестициялық келісімдердің тұрақтылығын, ерекше құқықтық режимнің басымдығын және лицензиялаудың айрықша тәртібін бекітеді. Мұнымен қоса, «бір терезе» қағидаты бойынша тәуелсіз реттеу жүйесі енгізіледі.

Инвесторлардың құқығы халықаралық деңгейде қорғалады. Олар «Астана» халықаралық қаржы орталығына немесе халықаралық арбитражға жүгіну мүмкіндігін өздері таңдай алады.

Заңда салықтық жеңілдіктер тек қала дамуының басым бағыттарына сай келетін жаңа инвестициялық жобаларға ғана берілетіні қарастырылған. Инвесторларға берілетін барлық жеңілдіктер мен олардың міндеттемелері ашық жарияланады.

«Alatau City Authority» республикалық бюджеттік бағдарламалардың дербес әкімшісі болады. Оның бюджеті республикалық бюджет құрамында блоктық бюджеттеу қағидатымен қалыптасады және негізінен инфрақұрылымды дамыту мен ұзақ мерзімді жобаларды қолдауға жұмсалады. Ал қаланың жергілікті бюджеті ағымдағы және әлеуметтік міндеттемелерді орындауға бағытталады. Алатау өзін-өзі қаржыландыру деңгейіне жеткенге дейін қала бюджетінен өзге бюджеттерге қаржы алуға жол берілмейді.

Бұған қоса, заң Алатаудың «Smart City» үлгісінде дамуын реттейді. Тұрғындарға цифрлық платформа арқылы негізгі қызметтер, соның ішінде рұқсат беру рәсімдері көрсетіліп, ерекше құқықтық режим қолданылады. Сондай-ақ цифрлық активтер айналымын, соның ішінде криптобиржалар мен токенизацияны реттеу мүмкіндігі қарастырылған.

Алматы облысындағы Алатау қаласы 2024 жылғы қаңтарда Мемлекет басшысының жарлығымен құрылды. Қаланың бас жоспары Сингапурдың «Surbana Jurong» компаниясымен бірлесіп әзірленді. 2025 жылғы қыркүйекте Президент Алатауға ерекше мәртебе беру туралы жарлыққа қол қойды. Жоспар бойынша, «Алатау Сити» өңірдегі алғашқы толықтай цифрланған қала болады: мұнда «ақылды қала» технологияларынан бастап, тауарлар мен қызметтер үшін криптовалютамен есеп айырысу мүмкіндігіне дейін енгізіледі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда жасөспірімдердің әлеуметтік желіге тіркелу тәртібі қатаңдатылуы мүмкін

Үкімет қолданыстағы заңға 16 жасқа толмаған азаматтардың онлайн-платформаларға тіркелу тәртібін реттейтін түзетулер әзірледі. Қазір бұл өзгерістер Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының қарауында.

Татьяна Савельеваның Қорғаныс министрлігіне тағайындалуы: бұл шешімнің мәні неде?

Бүгін Қорғаныс министрінің орынбасары болып Татьяна Савельева тағайындалды. Ол – тәжірибелі қаржыгер, ұзақ жыл бойы бюджет мәселелеріне жауапты қаржы вице-министрі қызметін атқарған, кейін Мәжілістің бюджет комитетін басқарған маман.

Венесуэла алтыны: өзгелерге сабақ болған оқиға

Венесуэланың резервіндегі 31 тонна алтынның Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі тек оның сақталатын құқықтық кеңістігін өзгертеді. Ал Каракас үшін жағдай сол күйінде қалды: ел өзіне тиесілі алтынға қол жеткізе алмай отыр. Венесуэла билігінің алтын қорын елге қайтару әрекеттерінің нәтижесіз аяқталуы басқа мемлекеттерге де маңызды сабақ болды – стратегиялық резервті өз аумағында сақтау анағұрлым қауіпсіз. Осыдан кейін Ұлыбритания қоймаларында алтын сақтайтын бірқатар ел бағалы металды өз аумағына қайтару ісін жандандыра түсті.

Қазақстандық дарынды оқушылар халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетудеҚазақстандық дарынды оқушылар халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетуде

Азамат Аймұратовтың жетістігіне қуаныштымыз. Сонымен бірге 2026 жылы қазақстандық оқушылар түрлі зияткерлік бағыттарда жоғары нәтиже көрсетіп жүргенін де атап өткен жөн. Халықаралық математика олимпиадасында Қазақстан құрамасы үш күміс және үш қола медаль иеленді.