Евразия24ЖаңалықтарҚұрылтай балаларды қорғауға қатысты бірқатар заң қабылдауы тиіс

Құрылтай балаларды қорғауға қатысты бірқатар заң қабылдауы тиіс

|

|

Астана. 28 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға және 16 жасқа толмағандардың әлеуметтік желілерде тіркелуіне тыйым салуға қатысты бірқатар заң қабылдауы қажет екенін мәлімдеді.

«Құрылтай бұрынғы қос палаталы Парламент депутаттары қарап үлгермеген бірқатар заң жобасын да қабылдауы керек», – деді Тоқаев жұма күні бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясын ашу барысында.

Президенттің айтуынша, мүмкіндігі шектеулі балаларды жан-жақты қолдауға арналған заң әзірлеуге ерекше назар аудару қажет.

«Бұл мәселені Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай отырысында көтердім. Мұндай балаларға нақты әрі тиімді көмек көрсететін жүйе құруымыз керек. Олардың сапалы білім алуына қажетті жағдай жасалуға тиіс. Сонымен қатар медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыру қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Оның пікірінше, балаларға арналған осындай орталықтар барлық облыс орталықтары мен ірі аудандарда ашылуы керек.

«Бұл игі іске демеушілер де атсалысады деп сенемін. Мемлекет қамқорлыққа шынымен мұқтаж әрбір азаматқа қолдау көрсетуге тиіс. Бұл – менің берік ұстанымым. Жалпы, өскелең ұрпақтың жайлы әрі, ең бастысы, қауіпсіз ортада өмір сүруіне барлық жағдайды жасауға міндеттіміз», – деді Тоқаев.

Президент Үкіметтің 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде тіркелуіне заң жүзінде тыйым салуды ұсынғанын еске салды.

«Жуырда өткен Тамыз конференциясында бұл мәселеге егжей-тегжейлі тоқталдым. Мұндай шаралар көптеген елде қолға алынып жатыр. Мен бұл бастаманы қолдаймын. Сондықтан оны бірінші кезекте қарау қажет деп санаймын», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен бірге Тоқаев заң жобасын қабылдамас бұрын оның іс жүзінде қалай орындалатынын қамтамасыз ететін тетіктерді алдын ала жан-жақты пысықтау керектігін айтты. Өйткені қабылданған заң қағаз жүзінде қалып қоймауға тиіс.

Бұдан бөлек, президент энергетика саласының технологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және баламалы энергия көздерін дамытуға бағытталған заң жобаларын қарауды жеделдету қажет екенін атап өтті.

«Онлайн-платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін реттейтін заңдарға да ерекше назар аудару керек. Ақпарат кеңістігінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қосымша шаралар қабылдау қажет», – деді Тоқаев.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда ипотека алу жеңілдеуі мүмкін

Қазақстанда тұрғын үй бағдарламалары бойынша бастапқы жарна мөлшері төмендеуі мүмкін. Премьер-министр Олжас Бектенов осы бағытта тиісті тапсырма берді. Үкімет басшысы құрылыс саласындағы басты міндеттердің бірі жоспарланған 20,4 млн шаршы метр тұрғын үйді толық аяқтап, пайдалануға беру екенін атап өтті.

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу тәртібі жеңілдетілмек

ҚР Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, ведомство көлік құралдарын тіркеу және оларды басқару құқығын алу үшін емтихан тапсыру қағидаларына өзгерістер әзірледі. «Біздің мақсатымыз – мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін жеңілдетіп, оған кететін уақытты қысқарту. Осыған байланысты артық рәсімдер алынып тасталады.

Борышкерлердің құқығын қорғау: Қазақстан коллекторларға қойылатын талаптарды тағы да қатаңдатпақ

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) коллекторлық агенттіктердің қызметіне жаңа шектеулер енгізуді жоспарлап отыр. Бұған қарыз алушылардан толассыз түсіп жатқан шағымдар себеп болған (https://bes.media/news/arrfr-gotovit-novye-ogranicheniya-dlya-kollektorov-posle-zhalob-dolzhnikov/ ). Тұтынушылық кредиттер бойынша берешекті коллекторларға сатуға енгізілген мораторийдің 2027 жылғы 1 мамырға дейін ұзартылуы да мәселені шешпеген сыңайлы. Азаматтар коллекторлардың белгіленген уақыттан тыс хабарласатынына, рұқсат етілген байланыс санынан асып кететініне, сондай-ақ жұмыс берушілер мен таныстары арқылы психологиялық қысым көрсететініне шағымдануда. Заң талаптарын бұзған агенттіктер тексеріледі. Ал өрескел немесе жүйелі заңбұзушылықтарға жол бергендері арнайы тізілімнен шығарылуы мүмкін. Ендеше, коллекторларға қойылатын талаптардың кезекті рет қатаңдатылуы борышкерлердің жағдайына қалай әсер ететінін қарастырайық.

Шанхай мен Гонконг биржаларында акциялар қымбаттады, ал Оңтүстік Кореяның Kospi индексі 5,5%-ға құлдырады

Сейсенбі күні Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор биржаларындағы сауда әртүрлі нәтижемен аяқталды. Қытай мен Гонконгтың негізгі индекстері аздап өсті, Австралия нарығында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Ал Жапонияда акциялар едәуір арзандап, Оңтүстік Кореяның Kospi индексі микрочип өндіруші компаниялар акцияларының құлдырауы салдарынан 5%-дан астам төмендеді.