Евразия24ЖаңалықтарҚытай компаниясы Қазақстанда $300 млн тұратын жаңа теңіз портын 2028 жылға дейін...

Қытай компаниясы Қазақстанда $300 млн тұратын жаңа теңіз портын 2028 жылға дейін салады

|

|

Астана. 25 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Маңғыстау облысының Қарақия ауданында құны $300 млн болатын жаңа теңіз портын салу жоспарлануда. Бұл туралы өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай Үкімет отырысында мәлімдеді.

«Аталған жоба Қытай – Қазақстан – Ақтау – Баку – Поти – Еуропа бағыты бойынша жаңа халықаралық көлік дәлізін қалыптастыруға ықпал етеді. Оның іске асырылуы жүк жеткізу мерзімін 7–15 күнге дейін қысқартып, көлік шығындарын 18–25%-ға дейін төмендетуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді», – деді әкім.

Қилыбайдың айтуынша, жобаның стратегиялық серіктесі – Қытайдың “Чжунъюн Интернешнл” компаниялар тобы. Қазіргі таңда инвестор өңірде компаниясын тіркеп, инвестициялық келісімшартқа қол қою үшін құжаттарын дайындап жатыр.

Жобаны іске асыру мерзімі – 2025–2028 жылдар аралығы. Жаңа порттың жобалық қуаты – жылына 25 млн тонна жүк.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...