Евразия24ЖаңалықтарТайвань қару сатып алуға $40 млрд бөлмек

Тайвань қару сатып алуға $40 млрд бөлмек

|

|

26 қараша, Гонконг. ИНТЕРФАКС — Тайвань билігі қару-жарақ сатып алуға 40 миллиард АҚШ доллары көлемінде арнайы бюджет бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы 26 қараша күні Associated Press агенттігі хабарлады. Тайвань әкімшілігінің басшысы Лай Циндэ сәрсенбі күні аталған бастаманы жария етіп, бөлінетін қаржының бір бөлігі әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін (ПВО «куполын») құруға бағытталатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Қытай тарапынан Тайвань мен жалпы Индо-Тынық мұхиты аймағына төнетін қауіп-қатер күшейіп отыр. Осыған байланысты Тайвань өзінің қорғаныс қабілетін арттырып, ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барынша жауапкершілік алуға дайын екенін көрсетуі тиіс.

Арнайы бюджет жыл сайын бекітілетін қорғаныс шығындарынан бөлек ұсынылып отыр және оны енді Тайваньның заң шығарушы органдары мақұлдауы қажет.

Еске сала кетейік, Тайвань мәселесі 1949 жылы Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін туындады. Сол кезде Қытайдағы Гоминьдан партиясының бір бөлігі Тайвань аралына қоныс аударып, онда өзін Қытай Республикасының үкіметі деп жариялады. Қытай Халық Республикасы «біртұтас Қытай» қағидатын ұстанып, халықаралық қауымдастықтың ҚХР мен Тайваньды бір уақытта мойындауына үзілді-кесілді қарсы. Алайда әлемнің көптеген ірі мемлекеттерінде Тайбэйдің бейресми мәдени және экономикалық өкілдіктері жұмыс істейді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Бектенов Энергетика министрлігіне шілдеге дейін көмір химиясын қолдау шараларын әзірлеуді тапсырды

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Энергетика министрлігіне ағымдағы жылдың шілде айына дейін көмір химиясы саласын мемлекеттік қолдау жөніндегі кешенді шаралар әзірлеуді тапсырды.

Тоқаев То Ламды Вьетнам президенті болып сайлануымен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Ламды ел президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлады сейсенбі күні мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Экономика өркендегенімен, табыс төмендеді: Ұлттық экономика министрлігі не дейді?

«Халықтың нақты табыс индексі төмендеуінің бір себебі — жалақы өсімі қарқынының бизнес пайдасынан артта қалуында. Сарапшылардың бағалауынша, компаниялардың шамамен 50%-ы үнемдеу мақсатында еңбекақыны 10%-дан асырмай өсірсе, кейбірі тіпті бұрынғы деңгейде қалдырған. Бұл өз кезегінде алшақтықты тудыруда: ЖІӨ өнеркәсіп, қызмет көрсету және экспорт есебінен артқанымен, бұл қаражат нақты жұмысшылардың жалақысына кешігіп жетеді», - деп Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеді. Бұл — бізге ұсынылған түсініктеме. Дегенмен, ҰЭМ келтірген дәлелдер — мәселенің салдары ғана, ал оның негізгі себептері әлдеқайда тереңде жатқанын түсіндіріп көрейік.

Жасырын патруль: уақытша шара ма, әлде жүйелі шешім бе?

Неге елдегі ең цифрландырылған қалалардың бірінде жолдағы тәртіп әлі де реттелмей отыр? Полицияның азаматтық көліктер арқылы бақылау жүргізуі қанша уақытқа созылатыны белгісіз.