Евразия24ЖаңалықтарТоқаев То Ламды Вьетнам президенті болып сайлануымен құттықтады

Тоқаев То Ламды Вьетнам президенті болып сайлануымен құттықтады

|

|

Астана. 7 сәуір. Интерфакс-Қазақстан – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Ламды ел президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлады сейсенбі күні мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Сайлаудағы жеңісіңіз қоғам тарапынан Вьетнамның саяси және экономикалық дамуына, сондай-ақ халықаралық аренада ұлттық мүдделерін қорғауға бағытталған стратегиялық бастамаларыңызға жоғары қолдау бар екенін көрсетеді. Сіздің дана басшылығыңызбен ел жаңа жетістіктерге жететініне сенімдімін», – делінген құттықтау жеделхатында.

Қ. Тоқаев Вьетнамның Азиядағы Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі екенін атап өтіп, екі ел халықтарының игілігі үшін стратегиялық әріптестікті одан әрі кеңейтуге сенім білдірді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Трамп Вашингтонда салтанатты арканы ұшқышсыз ұшу аппараттары мен снайперлерді орналастыру үшін пайдалануды жоспарлап отыр

Вашингтонда салынуы жоспарланып отырған салтанатты аркада әскери мақсаттағы жабдықтар орнатылады, деп мәлімдеді жексенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамп.

Чилидің экс-президенті Бачелет БҰҰ бас хатшысы қызметі үшін күрестен бас тартады

Чилидің бұрынғы президенті Мишель Бачелет БҰҰ бас хатшысы қызметі үшін күресті тоқтататынын мәлімдеді.

Трамп ЖИ бойынша арнайы құрылымдар құру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді

АҚШ Президенті Дональд Трамп бұл саланың одан әрі дамуына қатысты мәселелерді шешуге қатысу үшін «жасанды интеллект күштерін» — арнайы құрылым құратынын мәлімдеді.

КХДР шығыс бағытта тағы бір зымыран ұшырды

Оңтүстік Корея әскери қолбасшылығының деректеріне сілтеме жасай отырып «Ренхап» агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні КХДР армиясы Жапон теңізі бағытында тағы бір зымыран ұшырды.