Евразия24ЖаңалықтарТехас тасқыны: 109 адам көз жұмды, 161 адам табылмай жатыр

Техас тасқыны: 109 адам көз жұмды, 161 адам табылмай жатыр

|

|

Вашингтон, 9 шілде. ИНТЕРФАКС – АҚШ-тың Техас штатындағы Керр округінде болған жойқын су тасқынынан кейін 161 адам әлі де із-түзсіз жоғалғандар қатарында саналып отыр. Бұл туралы сәрсенбі күні америкалық бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

«Тек Керр округінің өзінде 161 адам хабар-ошарсыз кеткен деп есептелуде»,деді Техас губернаторы Грег Эбботт баспасөз мәслихатында.

Оның мәліметінше, табиғи апат салдарынан кемінде 109 адам қаза тапқан, соның 94-і – Керр округінде. Бұған дейін қаза тапқандар саны 100-ден асқаны хабарланған болатын.

Жергілікті билік өкілдері қаза тапқандар мен жоғалғандар саны алдағы күндері одан әрі өсуі мүмкін екенін ескертті.

Қазіргі уақытта Техас штатында тарихтағы ең ауқымды іздестіру құтқару операцияларының бірі жүргізіліп жатыр. Оған үрлемелі қайықтар, тікұшақтар және атты іздеу топтары жұмылдырылған.

Су тасқыны өткен аптада бірнеше күн бойы толассыз жауған нөсер жаңбырдан кейін басталған. Ең көп зардап шеккен аймақ – Керр округі. Мұнда бірнеше балалар лагері мен демалыс орындары орналасқан. Олардың қатарында қыздарға арналған христиан жазғы лагері – «Mystic» те бар. Бұл лагерьде саяси элитаның балалары жиі демалатын. Дүйсенбі күні жарияланған мәліметке сәйкес, аталған лагерь 27 қыз бала мен тәлімгердің қазасына байланысты қара жамылып отыр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Испания үкіметі премьер-министрдің жұбайына қатысты сот ісін қарау туралы шешімді сынға алды

Испания үкіметі ел премьер-министрі Педро Санчестің жұбайы Бегонья Гомеске қатысты айыптарды сотта қарау туралы судья Хуан Карлос Пейнадоның шешімін саяси астары бар деп санайды. Бұл туралы сенбі күні EFE агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Вэнс таяу күндері Иранмен келіссөздер жүргізу үшін Швейцарияға бармақ

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс таяу күндері Иранмен келіссөздер жүргізу үшін Швейцарияға баруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Мелони Трампқа Италияның ішкі саясатына араласпауға кеңес берді

Италия премьер-министрі Джорджа Мелони сенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамптың енді онымен достық қарым-қатынаста болмайтыны туралы мәлімдемесіне қатаң жауап берді. Бұл туралы италиялық БАҚ хабарлады.

Ормуз бұғазы арқылы кеме қозғалысы қалыпты режимде жалғасуда

АҚШ Қарулы күштерінің Таяу Шығыстағы Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) сенбі күні Ормуз бұғазы арқылы сауда кемелерінің қозғалысы қалыпты режимде жалғасып жатқанын мәлімдеді. Осылайша, америкалық тарап ирандық әскерилердің бұғаздың жабылғаны туралы хабарламасын жоққа шығарды.