Евразия24ЖаңалықтарТокаев Нью-Йоркте Embraer компаниясымен өңірлік сервис орталығын ашу мәселесін талқылады

Токаев Нью-Йоркте Embraer компаниясымен өңірлік сервис орталығын ашу мәселесін талқылады

|

|

 

Астана, 23 қыркүйек. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының аясында Нью-Йоркте Бразилияның Embraer әуе өнеркәсібі компаниясының президенті Франсиско Гомес Неттомен кездесті. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесудің негізгі тақырыбы жүк тасымалын дамытудағы ынтымақтастық болды.
«Қазақстан Президенті еліміздің Еуразия кеңістігіндегі негізгі көлік-логистикалық хабқа айналуға ұмтылып отырғанын атап өтті», – делінген хабарламада.

Әңгіме барысында Қазақстанда Embraer ұшақтарына техникалық қызмет көрсететін өңірлік сервис орталығын ашу мүмкіндігі де қаралды.

Компания басшысы Қазақстанның транзиттік-транспорттық әлеуетін жоғары бағалап, өзара тиімді серіктестікті жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

Embraer 1969 жылы Бразилия үкіметінің қолдауымен құрылған. Бүгінде компания Boeing пен Airbus-тан кейінгі әлемдегі үшінші ірі коммерциялық ұшақ өндірушісі болып саналады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...