Евразия24ЖаңалықтарТоқаев елордалық Ботаникалық бақта ағаш отырғызу акциясына қатысты

Тоқаев елордалық Ботаникалық бақта ағаш отырғызу акциясына қатысты

|

|

АСТАНА. 11 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сенбі күні “Таза Қазақстан” экологиялық акциясына қатысты, деп хабарлады Президент баспасөз қызметі.

“Президент елордалық Ботаникалық бақ аумағында еріктілер мен экологиялық белсенділермен бірге ағаш отырғызу жұмыстарына қатысты”, – делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жалпыұлттық акция аясында еліміз бойынша шамамен 2,4 миллион көшет отырғызылған.

“Таза Қазақстан” – Мемлекет басшысының 2024 жылы бастамашылық етуімен қолға алынған ұлттық экологиялық жоба. Оның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ қоғамда табиғатқа деген жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру. Жоба тек көгалдандырумен шектелмей, аумақтарды тазарту, су айдындары мен табиғи ескерткіштерді қорғау іс-шараларын да қамтиды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...