Евразия24ЖаңалықтарВучич Ресейдің Сербияға газ жеткізу жөніндегі ұсыныстарына көңілі толмайтынын білдірді

Вучич Ресейдің Сербияға газ жеткізу жөніндегі ұсыныстарына көңілі толмайтынын білдірді

|

|

РИМ. 11 қазан. ИНТЕРФАКС – Сербия президенті Александр Вучич Ресей тарапынан елді газбен қамтуға қатысты ұсыныстарға қанағаттанбайтынын мәлімдеді.

“Бізге Жаңа жылға дейін ғана газ жеткізуге арналған келісімшарт ұсынылды. Бұл жаңалық бізді қатты қынжылтты”, – деді ол сенбі күні Reporter порталы жариялаған сұхбатында.

Вучичтің айтуынша, Сербия биыл мамыр айында газ жеткізуге қатысты ұзақ мерзімді келісімге қол қоюы тиіс болған.

Бұған дейін хабарланғандай, Сербия президенті дүйсенбі күні “Газпром нефть” компаниясының басшысы Александр Дюковпен және РФ Энергетика министрінің орынбасары Павел Сорокинмен кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Кездесу барысында Вучич ресейлік тарапқа, оның пікірінше, өздеріне тиімді болатын Белград ұсыныстарын жеткізетін болады. Дегенмен ол бұл ұсыныстардың қабылданатынына күмән келтіріп отыр.

Айта кетейік, Сербияның энергетикалық қауіпсіздігіне қатысты жағдай осы аптада АҚШ-тың сербиялық NIS мұнай компаниясына санкция енгізуінен кейін күрделене түсті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Абай облысындағы арнаулы орталықта мүгедектігі бар балаларға қатыгездік көрсетілген

Егер прокуратура өңірдегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының барлығында балалар құқығының сақталуына тексеру жүргізбегенде, Аягөз ауданында балаларға жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсетілген көптеген дерек мемлекеттік органдардың назарынан тыс қалуы да мүмкін еді.

Алматылықтар ауа сапасына қатысты пікір білдірді

Almaty Air Initiative қорының хабарлауынша, Алматы тұрғындарының 80 пайыздан астамы қала ауасының адам денсаулығына қауіпті екенін айтады. Ал басқа жаққа көшуді шындап ойластырып жүрген немесе көшуді жоспарлаған тұрғындардың үлесі 17 пайыздан 26 пайызға дейін өскен «Зерттеу әлеуметтанушы Серік Бейсембаевтың қатысуымен дайындалды.

Ресей Украинадағы соғыста жеңілді ме?

Бір қарағанда тосын көрінгенімен, Украинадағы соғыста жеңілген тарап Ресей деген тұжырым жасалып отыр. Мұндай тұжырымды өмір жолы сан қилы оқиғаларға толы, ақырында Ресейде «шетелдік агент» деп танылған саясаттанушы Александр Морозов жасады.

Қазақстандықтардың психикалық денсаулығы дәрігерлердің назарында

Қазақстанда психикалық денсаулық саласындағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 81 бастапқы медициналық көмек орталығы мен аутизмі бар балаларға арналған 189 күндізгі бөлімше ашу жоспарланып отыр. «Бұл бастама психикалық денсаулыққа қатысты бұзылыстарды ерте анықтау, емдеу және оңалту қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.