Евразия24ЖаңалықтарТоқаев: Конституциялық өзгерістер мемлекеттің басқару жүйесін түбегейлі жаңғыртады

Тоқаев: Конституциялық өзгерістер мемлекеттің басқару жүйесін түбегейлі жаңғыртады

|

|

Астана. 30 қаңтар. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің Негізгі заңына енгізілуі көзделіп отырған түзетулердің ауқымы жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар деген Конституциялық комиссия мүшелерінің пікіріне қосылатынын айтты.

«Кеше Комиссия мүшелері пікірталас барысында Негізгі заңға ұсынылып отырған өзгерістердің ауқымы жаңа Конституция қабылдау қажеттігі туралы айтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Шынында да, бұл түзетулер институционалдық-құқықтық жаңғыртуға ғана бағытталмай, практикалық тұрғыдан алғанда бүкіл мемлекеттік жүйені түбегейлі өзгертіп, қайта іске қосады», – деді Тоқаев жұма күні волонтерлер форумында сөйлеген сөзінде.

Президенттің айтуынша, қазіргі заманғы Қазақстанның кемел мемлекет ретіндегі идеалдары, қағидаттары мен басымдықтарын өзіне сіңірген, болашаққа бағдарланған тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа құжаттың айқын бейнесі қалыптасты.

Оның сөзінше, комиссия конституциялық мәселелердің барлық спектрі бойынша көптеген ұсынысты жан-жақты талдаған. «Сондықтан жүйелі әрі ойластырылған түзетулер Негізгі заңның іс жүзінде барлық негізгі бөлімдері мен баптарын, соның ішінде Конституцияның кіріспесін де қамтыды», – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев мұндай тәсіл ел азаматтарының құқықтарын нығайтудың маңызды тетігіне айналатынына сенім білдірді.

«Конституцияға енгізілетін өзгерістер еліміздің дамуын сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге шығарып, бүкіл мемлекеттік жүйені жаңғыртады, билік пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың неғұрлым жетілдірілген моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деп түйіндеді Президент.

Еске салсақ, 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев бір палаталы парламентті екі палаталы форматқа реформалау мүмкіндігін қарастырып, бұл мәселені референдумға шығаруды ұсынған болатын. Ол жалпыұлттық референдум 2027 жылы өтуі мүмкін екенін, содан кейін Конституцияға қажетті өзгерістер енгізілетінін айтқан.

Ағымдағы жылғы 21 қаңтарда Президенттің жарлығымен Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрылды. Комиссияның міндеті – Негізгі заңға енгізілетін ұсыныстарды әзірлеу, оларды жинақтау және нақты өзгерістер жобасын дайындау, содан кейін жалпыұлттық референдум өткізу мерзімін айқындау. Жақында комиссия конституциялық реформа Негізгі заңның 77 бабына, яғни құжат мәтінінің 84%-ына өзгерістер енгізуді көздейтінін хабарлаған еді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Мәжіліс 154,7 млрд жапон иенасы көлеміндегі қарыздарды тарту туралы келісімдерді мақұлдады

Парламент Мәжілісі сәрсенбі күні өткен жалпы отырыста Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы «Экономиканың инклюзивті және орнықты өсімін қолдауға арналған даму саясатын қаржыландыру жөніндегі екінші қарыз» туралы келісімді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасындағы «Инклюзивті және орнықты экономикалық өсім бағдарламасы» бойынша қарыз келісімін ратификациялау туралы заңдарды қабылдады.

Мәжіліс ҰҚШҰ күштері мен әскери құрамаларды тасымалдау жөніндегі келісімдерге енгізілетін өзгерістерді мақұлдады

Парламент Мәжілісі сәрсенбі күні өткен жалпы отырыста «2010 жылғы 10 желтоқсандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне кіретін күштер мен құралдар құрамаларының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қабылдады.

Мәжіліс ЕАЭО мен БАӘ арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісімді ратификациялауды мақұлдады

Парламент Мәжілісі сәрсенбі күні өткен жалпы отырыста «Бір жағынан, Еуразиялық экономикалық одақ және оған мүше мемлекеттер мен екінші жағынан, Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады.

Мәжіліс Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы трансшекаралық су нысандары жөніндегі келісімді мақұлдады

Парламент Мәжілісі сәрсенбі күні өткен жалпы отырыста «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметі арасындағы трансшекаралық су нысандарын бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады.