Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Макронды Бастилияны алу күнімен құттықтады

Тоқаев Макронды Бастилияны алу күнімен құттықтады

|

|

Астана. 14 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Францияның ұлттық мерекесі – Бастилияны алу күніне орай Франция президенті Эммануэль Макронның атына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Жеделхатта Тоқаев Францияны саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда елеулі жетістіктерге жеткен, халықаралық қауымдастықта беделді орын алған мемлекет ретінде атап өтті. Мемлекет басшысы француз халқына өркендеу мен игілік тіледі.

Сонымен қатар Қазақстан президенті қазақ-француз қарым-қатынасының стратегиялық сипатын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан Эммануэль Макронның жеке үлесін жоғары бағалады, делінген хабарламада.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

WPP: 2025 жылы әлемдік жарнама шығындары 8,8%-ға өседі

Лондон. 8 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – 2025 жылы жаһандық жарнамаға...

Нидерланд 2026 жылдың басында Украинаға 700 млн еуро көлемінде әскери көмек көрсетпек

Берлин. 8 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – Нидерланд билігі 2026 жылдың...

Қазақстан мен Палестина президенттері телефон арқылы ынтымақтастық болашағы мен халықаралық өзекті мәселелерді талқылады

Астана. 8 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт...

Тоқаев 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы және бюджетаралық аударым көлемі жөніндегі заңдарға қол қойды

Астана. 8 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...