Евразия24ЖаңалықтарҮндістан Ормуз бұғазында Кипр туы астында жүзген кемеге жасалған шабуылды айыптады

Үндістан Ормуз бұғазында Кипр туы астында жүзген кемеге жасалған шабуылды айыптады

|

|

Дели. 12 шілде. ИНТЕРФАКС – Үндістан билігі жексенбі күні Ормуз бұғазында Кипр туы астында жүзген сауда кемесіне жасалған шабуылды қатаң айыптады. Кеме бортында Үндістан азаматтары болған. Бұл туралы Hindustan Times басылымы хабарлады.

«Біз бүгін Оман жағалауында GFS Galaxy коммерциялық кемесіне жасалған шабуылды айыптаймыз. Кемеде болған Үндістанның 11 азаматының 10-ы құтқарылды, ал бір азаматтың хабар-ошарсыз кеткені туралы мәлімет бар», – делінген Үндістан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.

Басылымның атап өтуінше, ведомство мәлімдемесінде Иран туралы ешқандай ақпарат келтірілмеген.

Мәлімдемеге сәйкес, Үндістанның Омандағы елшілігі жергілікті билікпен бірлесіп іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Дели Оман билігіне көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.

Үндістанның Сыртқы істер министрлігі тараптарды жағдайды ушықтырмауға, ахуалды дипломатиялық жолмен реттеу үшін келіссөздерді жалғастыруға шақырды. Сонымен қатар өңірдегі коммерциялық кемелер мен азаматтық инфрақұрылымға жасалып жатқан шабуылдарды тоқтатуды және халықаралық сулардағы кеме қатынасының еркіндігін қалпына келтіруді талап етті.

Бұған дейін АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы америкалық әскери күштердің Ормуз бұғазында Кипр туы астында жүзген сауда кемесінің атқылануына жауап ретінде Иран аумағына кезекті соққылар жасағанын хабарлаған болатын. Бұған жауап ретінде Иран да соққы жасады.

Кейін Иран парламентінің ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі Эбрахим Резаи Тегеранның Ормуз бұғазын бақылаудан бас тарту ниеті жоқ екенін мәлімдеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Әлемдегі сайттардың шамамен 70%-ына ортақ технологиядан аса қауіпті осалдық анықталды. Бұл Қазақстанға ...

21  қазанда  Eurasia24  сайтының  орыс  және  қазақ  тіліндегі  нұсқаларында  қолданылатын  PHP  бағдарламасын  тексеріп,  қауіпсіздік  кемшіліктері  түзетілген  8.3.36  нұсқасына  жаңарттық.  Осылайша,  екі  сайттағы  да  аса  қауіпті  осалдықтар  жойылды.  Оқырмандардың  сайттарға  кіруін  шектеудің  қажеті  болған  жоқ.  Қазіргі  уақытта  ақпараттық  инфрақұрылымның  өзге  де  құрамдас  бөліктерін  тексеру  және  олардың  қорғанысын  күшейту  жұмыстары  жалғасуда.

Тимур  Турлов  шахматты  Олимпиада  ойындарының  бағдарламасына  енгізуді  көздеп  отыр

Халықаралық  шахмат  федерациясының  (ФИДЕ)  президенті  Тимур  Турлов  Jibek  Joly  телеарнасындағы  «Бүгін  LIVE»  бағдарламасына  берген  сұхбатында  әлемдік  шахматты  дамытудың  негізгі  міндеттеріне  тоқталды. 

Соғыс  аймағында  қалған  қазақстандықтар  елге  аман  оралды

Оннан  астам  қазақстандықтың  соғыс  жүріп  жатқан  аймаққа  тап  болғаны  қазан  айының  басында  белгілі  болды.  Заңгер  Мейрман  Шекеев  олардың  отбасыларына  жақындарын  елге  қайтару  мәселесінде  көмек  көрсетті.

Дәрігерлердің көмегімен 679 грамм болып туған сәби аман қалды

Қазақстанда  шала  туған  нәрестелердің  өмірін  сақтап  қалу  бағытында  қол  жеткізілген  нәтижелер  айтарлықтай  жоғары.  Дегенмен  медициналық  зерттеулерде  жүктіліктің  өте  ерте  кезеңінде  дүниеге  келген  балалардың  дамуында  түрлі  ауытқулар  болуы  мүмкін  екені,  сондай-ақ  олардың  бір,  үш  және  бес  жасқа  дейінгі  өміршеңдігіне  қатысты  қауіп  сақталатыны көрсетілген.