Евразия24ЖаңалықтарУиткофф АҚШ-тың Киев және Еуропа өкілдерімен Украина дағдарысы бойынша консультацияларын нәтижелі деп...

Уиткофф АҚШ-тың Киев және Еуропа өкілдерімен Украина дағдарысы бойынша консультацияларын нәтижелі деп бағалады

|

|

Вашингтон. 22 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Флорида штатында өткен АҚШ-тың Украина делегациясымен және еуропалық өкілдермен консультациялары мазмұнды әрі конструктивті сипатта болды деп есептейді.

«Флоридада болған соңғы үш күн ішінде Украина делегациясы америкалық және еуропалық серіктестермен бірқатар нәтижелі әрі сындарлы кездесулер өткізді», – деп жазды Уиткофф X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Оның мәліметінше, АҚШ пен Украина арасындағы екіжақты кездесулер барысында төрт негізгі құжат талқыланған. Атап айтқанда, 20 тармақтан тұратын жоспарды одан әрі пысықтау, көпжақты қауіпсіздік кепілдіктерінің жалпы шеңбері бойынша ұстанымдарды келісу, АҚШ-тың Украинаға беретін қауіпсіздік кепілдіктерінің параметрлері, сондай-ақ «Экономика және өркендеу» бағдарламасын әрі қарай дамыту мәселелері қаралған.

Сонымен қатар, америкалық арнайы өкіл алдағы қадамдардың мерзімі мен іске асырылу реттілігін айқындауға ерекше назар аударылғанын атап өтті.

Уиткоффтың айтуынша, «Украина АҚШ-тың көшбасшылығы мен қолдауын, сондай-ақ осы маңызды жұмыстың келесі кезеңдерінде серіктестермен тұрақты әрі тығыз үйлестіруді жоғары бағалайды».

Украина делегациясының құрамына Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров пен Украина Қарулы күштері Бас штабының бастығы Андрей Гнатов кірді. АҚШ делегациясында президенттің арнайы өкілі Стив Уиткофф, Джаред Кушнер және Ақ үйдің қызметкері Джош Грюнбаум болды.

Хабарламада сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жетекші еуропалық кеңесшілер де Украина, АҚШ және Еуропаның ортақ стратегиялық ұстанымдарын келісу мақсатында талқылауларға қатысқаны атап өтілген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Мемлекет басшысы Олимпиада және Паралимпиада туын ұлттық құраманың спортшыларына табыстады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Италияда өтетін XXV қысқы Олимпиада және XIV қысқы Паралимпиада ойындарының алдында еліміздің ұлттық құрамасының ту ұстаушыларына Мемлекеттік туды салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

АӨК-ке көрсетілген мемлекеттік қолдау аудиті 300 млрд теңгеге жуық заңбұзушылықтарды анықтады

Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыруға қатысты 2023–2024 жылдарға арналған аудит қорытындысы 300 млрд теңге көлемінде заңбұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Гренландиядағы әскери оқу-жаттығулар 2026 жыл бойы жалғасады

Гренландия аумағында өткізіліп жатқан Arctic Endurance атты әскери оқу-жаттығулар 2026 жылдың соңына дейін жалғасады. Бұл туралы жұма күні Дания Қарулы күштері ресми хабарлама таратты.

АҚШ-тың OFAC басқармасы NIS компаниясына операциялық қызметін жалғастыруға рұқсат мерзімін 20 ақпанға дейін ұзартты

АҚШ-тың Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) Сербияның NIS мұнай-газ компаниясына операциялық қызметін жалғастыруға рұқсат беретін лицензияның мерзімін 20 ақпанға дейін ұзартты, деп хабарлайды сербиялық RTS ақпараттық порталы.