Евразия24ЖаңалықтарЖапония АҚШ-қа 550 млрд доллар инвестиция салмақ

Жапония АҚШ-қа 550 млрд доллар инвестиция салмақ

|

|

ВАШИНГТОН. 23 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – АҚШ пен Жапония жаңа экономикалық келісімге келді. Бұл жөнінде Америка Президенті Дональд Трамп The Truth Social желісіндегі жазбасында хабарлады.

Оның айтуынша, Токио америкалық экономикаға 550 миллиард доллар көлемінде қаржы құюға келіскен. «Бұлауқымды келісім. Инвестициядан түсетін табыстың 90 пайызы АҚШ-қа тиесілі болады», – деп жазды Трамп.

Келісім аясында АҚШ Жапонияға көлік құралдарын, күріш және ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді бастайды. Сонымен қатар, Токио Америка нарығына өз тауарларын 15 пайыздық баж салығымен енгізетін болады.

Бұл ақпаратты Жапония тарапы да растады. Ел премьер-министрі кеңсесінің жоғары лауазымды өкілі NHK телеарнасына берген сұхбатында келісімді«ұзақ әрі күрделі келіссөздердің нәтижесі» деп атады.

«Президент Трамптың жариялаған ақпараты шындыққа сәйкес келеді. Бұлэкономиканы қалпына келтіру жөніндегі министр Рёсэй Акадзаваның қажырлы еңбегінің нәтижесі», – деді шенеунік.

Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп 2025 жылдың 1 тамызынан бастап Жапониядан әкелінетін барлық тауарларға 25 пайыз көлемінде кедендік тариф енгізілетінін мәлімдеген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.