Евразия24Жаңалықтар«Аватар 3» Солтүстік Америкадағы мерекелік прокаттың үздігі болды

«Аватар 3» Солтүстік Америкадағы мерекелік прокаттың үздігі болды

|

|

Мәскеу. 29 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – Режиссер Джеймс Кэмеронның «Аватар» фантастикалық франшизасының үшінші бөлімі АҚШ пен Канадада өткен демалыс күндері (төрт күндік рождестволық уикенд) $88 млн табыс түсіріп, Солтүстік Америка прокатының көшін бастап тұр.

Жай ғана үш күндік прокат (жұма-жексенбі) бойынша «Аватар: Жалын мен күл» фильмі $64 млн жинады, бұл — алғашқы уикендпен салыстырғанда небәрі 28%-ға ғана аз. Салыстырмалы тұрде айтар болсақ, үш жыл бұрын жарық көрген екінші бөлім – «Аватар: Су жолы» екінші уикендте алғашқыдан 52%-ға төмендеп, бірақ алғашқы үш күнде $134 млн жинаған болатын (үшінші фильмде – $89 млн).

Осылайша, екі апта ішінде «Аватар: Жалын мен күл» Солтүстік Америкада $217,7 млн, ал жаһандық прокатта $760 млн табыс әкелді.

Кинобизнес сарапшылары франшизаның алдыңғы бөлімдері де ұзақ уақыт прокат көшін сақтап тұрғанын атап өтті. Наурызға дейін ірі жаңа блокбастерлер күтілмейтіндіктен, үшінші бөлім де ұзақ мерзімді табысқа ие болады деген болжам бар.

Екінші орынды Walt Disney студиясының анимациялық фильмі – «Зверополис 2» иеленді. Бұл туынды алдыңғы уикендпен салыстырғанда табысын арттырып, $14 млн-нан $20 млн-ға жетті. Мұндай өсімге рождестволық мерекелер кезінде кинотеатрларға ағылған отбасылық көрермен әсер етті. Фильмнің әлемдік жинағы $1,42 млрд-қа жетті – бұл Голливуд үшін жылдың ең үздік нәтижесі, ал әлем бойынша екінші орында. Бірінші орын $2,1 млрд табыс әкелген қытайлық «Нэчжа Айдаһар патшасын жеңеді» мультфильміне тиесілі.

Үшінші орында Тимоти Шаламе түскен «Керемет Марти» атты спорттық драма тұр. Фильм үш күнде $17,4 млн, ал төрт күнде $27,1 млн жинады.

Бесінші орынға тағы бір жаңа фильм – «Анаконда» комедиясы орналасты ($14,6 млн және төрт күнде $23,7 млн). Кинокритиктер бұл фильмнің бірінші бөліміне жоғары баға беріп (Rotten Tomatoes сайтында 95% оң пікір), ал екінші бөлігін салқын қабылдады (51% ғана оң пікір). Алайда көрермен бағалары бойынша екі фильмнің де көрсеткіші ұқсас – CinemaScore сайтында сәйкесінше «B+» және «B».

Жыл басынан бері АҚШ пен Канададағы жалпы прокат табысы $8,76 млрд болды. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда 1,5%-ға көп, бірақ 2019 жылғы пандемияға дейінгі деңгейден 22%-ға төмен, деп хабарлайды Comscore. Сарапшылардың болжамынша, 2025 жылдың қорытынды жинағы $8,87 млрд болуы мүмкін.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Бектенов «Қазцинк» зауытындағы өртке қатысты істі жеке бақылауына алды

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Өскемен қаласындағы (Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы) «Қазцинк» зауытында болған өртке қатысты істі жеке бақылауына алды.

Роман Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды

Роман Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымына тағайындалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады сейсенбі күні Президенттің баспасөз қызметі.

ЕЭК Алқасы ЕАЭО аясында жасанды интеллектіні жауапты дамыту туралы бірлескен мәлімдеме дайындауды аяқтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сейсенбі күні Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан басшысының баспасөз қызметі.

Қазақстан Үкіметі жылыту маусымына дайындыққа резервтен 25 млрд теңге бөледі

Қазақстан Үкіметі жеті өңірдегі жылу және электрмен жабдықтау нысандарын жылыту маусымына дайындау үшін резервтен 25,4 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлады Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов.