Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда мобильді аударымдарға бақылау жүргізу талаптары өзгерді

Қазақстанда мобильді аударымдарға бақылау жүргізу талаптары өзгерді

|

|

АСТАНА. 1 қаңтар. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда мобильді аударымдарды салықтық әкімшілендіру бойынша жаңа критерийлер күшіне енді.
Атап айтқанда, жеке тұлғаларға келіп түсетін мобильді төлемдерге қатысты бақылау жүргізу үшін жаңа қаржылық шек белгіленді – ол 12 ең төменгі жалақы мөлшеріне тең (1 МЗП = 85 000 теңге, жалпы сомасы – 1 миллион теңге).
Бұған дейін хабарланғандай, салықтық бақылауға төмендегі үш шарт бір мезгілде орындалған жағдайда ғана мобильді аударымдар ілінетін болады:
1.Жеке тұлға 100 түрлі адамнан аударымдар алады;
2.Мұндай аударымдар қатарынан үш ай бойы жүзеге асады;
3.Осы кезеңдегі жалпы сома 1 миллион теңгеден асады.
Бұл шаралар көлеңкелі экономикамен күресу және кәсіпкерлік қызметті ашық жүргізуді ынталандыру мақсатында енгізіліп отыр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

NIS 2025 жылға дивиденд төлемейді

Сербияның NIS энергетикалық компаниясының («Газпром нефть» тобына кіреді) акционерлері жылдық жалпы жиналыста өткен жылдардағы бөлінбеген пайданы 2025 жылғы шығынды жабуға бағыттау туралы шешімді мақұлдады. Соған байланысты компания 2025 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд төлемейді.

Қазақстан мен Грузия стратегиялық әріптестік туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады

Қазақстан Грузияны стратегиялық маңызы бар дәстүрлі серіктес ретінде қарастырады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның премьер-министрі Ираклий Кобахидземен өткен келіссөздер барысында мәлімдеді.

Грузия премьер-министрі Қазақстанның І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның премьер-министрі Ираклий Кобахидзені І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мен Грузия стратегиялық әріптестік орнатты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Грузияның премьер-министрі Ираклий Кобахидзе Қазақстан Республикасы мен Грузия арасында стратегиялық әріптестік орнату туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.