Евразия24Жаңалықтар2025 жылы Қазақстанда МӘМС бойынша жалған медициналық қызметтер анықталды

2025 жылы Қазақстанда МӘМС бойынша жалған медициналық қызметтер анықталды

|

|

Астана. 12 қаңтар. ИНТЕРФАКС–ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2025 жылғы ведомство жұмысының қорытындылары туралы есеп беріп, анықталған заңбұзушылықтар жөнінде баяндады. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, Агенттік басшысы былтыр міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында көрсетілген қызметтердің санын жасанды түрде 26 млрд теңгеге арттырудың жүйелі фактілері, соның ішінде қайтыс болған адамдарға медициналық көмек көрсетілді деп рәсімдеу жағдайлары анықталғанын жеткізді.

Сонымен қатар, Агенттік деректері бойынша Қазақстанда заңсыз қолма-қол ақша айналдырумен айналысқан 15 қылмыстық топ пен 29 алаң жойылды. Олардың жалпы айналымы 128 млрд теңгеден асты.

Есірткі саудасы мен алаяқтықтан түскен кірістерді заңдастырумен айналысқан 22 көлеңкелі криптоайырбастау пунктінің қызметі тоқтатылды. Сондай-ақ 1,1 мыңнан астам заңсыз криптовалюта алмасу онлайн-сервистері және есірткі табыстарын заңдастыруға қатысқан 20 мың дроп-карта бұғатталды.

Қаржы секторында қылмыстық табыстарды заңдастыруға қатысы бар деген күдікпен 2 мың компаниямен және 56 мың жеке тұлғамен іскерлік қатынастар тоқтатылды.

53 инфрақұрылымдық жоба бойынша 264,2 млрд теңге көлеміндегі негізсіз бюджеттік шығындардың алдын алу қамтамасыз етілді. Әлеуметтік көмір бағасының алыпсатарлық жолмен өсуіне жол бермей, тауар биржасы басшылығының 2 млрд теңге көлеміндегі заңсыз сыйақы алу схемасы тоқтатылды.

102 мың тонна бензиннің заңсыз шетелге шығарылуы әшкереленіп, жанар-жағармай тапшылығының алдын алу шаралары қабылданды.

Халықты онлайн-казиноға тартудан қорғау бойынша шаралар қабылданды. 35 төлем ұйымының қатысуымен 2,1 трлн теңге көлеміндегі қылмыстық қаржы ағындары анықталды.

Табиғи ресурстарды барлау жүргізбеген 437 жер қойнауын пайдаланушыға 625 жер телімі берілгені, сондай-ақ заңсыз өндірілген 382 мың тоннадан астам пайдалы қазбаның сыртқа шығарылғаны белгілі болды.

12 қаңтардағы ресми айырбас бағамы — 1 АҚШ доллары үшін 509,94 теңге.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.