Евразия24ЖаңалықтарВенесуэланың уақытша президенті АҚШ-ты Каракастың ішкі істеріне араласпауға шақырды

Венесуэланың уақытша президенті АҚШ-ты Каракастың ішкі істеріне араласпауға шақырды

|

|

Мадрид. 26 қаңтар. ИНТЕРФАКС – Венесуэланың уақытша президенті Делси Родригес АҚШ-ты елдің ішкі істеріне араласудан бас тартуға үндеді. Бұл туралы дүйсенбі күні испан тіліндегі бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

«Вашингтон тарапынан венесуэлалық саясаткерлерге нұсқау беруді доғарыңдар! Венесуэланың саяси кеңістігі өзара келіспеушіліктер мен ішкі қақтығыстарды өзі реттеуі тиіс. Шетелдік күштердің араласуына жол жоқ», – деді Родригес.

Родригес уақытша президенттің міндетін 3 қаңтарда АҚШ Қарулы күштері Венесуэла президенті *Николас Мадуро*ны ұстау операциясын жүргізгеннен кейін қабылдады.

Өткен аптада The Guardian газеті дереккөздерге сілтеме жасап, Родригес америкалық әскери күштер Мадуроны ұстағанға дейін Вашингтонды ынтымақтастыққа дайын екеніне көндіргенін жазған болатын. Дереккөздердің мәліметінше, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Мадуро биліктен шеттетілгеннен кейінгі бейберекетсіздіктің алдын алудың ең тиімді жолы Родригеспен жұмыс істеу деп есептеген. Газет дерегіне сәйкес, оның АҚШ тарапымен байланыстары 2025 жылдың күзінде басталған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.