Евразия24ЖаңалықтарРесей 2025 жылы Қытайға тауық аяқтарын экспорттаудан түскен кіріс бойынша көш бастады

Ресей 2025 жылы Қытайға тауық аяқтарын экспорттаудан түскен кіріс бойынша көш бастады

|

|

Мәскеу/Бейжің. 2 ақпан. ИНТЕРФАКС – 2025 жылы Қытай Ресейден 109 мың тонна тауық аяқтарын сатып алды. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 10%-ға артық. Өнімнің құны 5%-ға өсіп, 327 млн АҚШ долларына жетті. Бұл туралы ҚХР Бас кеден басқармасының деректеріне сүйенген федералдық «Агроэкспорт» орталығы хабарлады.

Нәтижесінде Ресей Қытайға тауық аяқтарын жеткізуден түскен табыс көлемі бойынша экспорттаушы елдер арасында бірінші орынға шықты. Ол экспорттық түсімі 326 млн долларды құраған Бразилияны басып озды. Үздік үштікті 219 млн доллармен Таиланд түйіндеді. Одан кейін АҚШ – 69 млн доллар, Беларусь – 33 млн доллар көрсеткішімен орналасқан.

«Агроэкспорт» мәліметінше, 2024 жылы Бразилия Қытайға тауық аяқтарын 638 млн доллар көлемінде экспорттаған, ал Ресейдің көрсеткіші 311 млн долларды құраған.

Аталған өнім Қытайдағы тұтынушылық талғамға байланысты елде таңдаулы тағам санатына жатады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Путин мен Тоқаев алдағы кездесулерді талқылады

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Кремльдің сайтында хабарланды.

Америкалық Cargo Dragon ғарыш кемесі жексенбі күні Халықаралық ғарыш станциясымен түйіседі

SpaceX компаниясының бір күн бұрын ұшырылған Cargo Dragon жүк ғарыш кемесі жексенбі күні Халықаралық ғарыш станциясымен (ХҒС) түйіседі. Бұл туралы NASA хабарлады.

Нетаньяху Трамппен Иран төңірегіндегі жағдайды талқыламақ

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, Иран төңірегіндегі жағдайды талқылауды жоспарлап отыр. Бұл туралы жексенбі күні Times of Israel басылымы хабарлады.

Абу-Дабидегі АЭС маңындағы өртке дрон шабуылы себеп болды

Абу-Дабидегі (БАӘ) «Барака» атом электр станциясының маңында шыққан өртке ұшқышсыз аппараттың соққысы себеп болды.