Евразия24ЖаңалықтарАҚШ-тың Тынық мұхитындағы есірткі тасымалдауға күдікті кемеге жасаған соққысы салдарынан екі адам...

АҚШ-тың Тынық мұхитындағы есірткі тасымалдауға күдікті кемеге жасаған соққысы салдарынан екі адам қаза тапты

|

|

Вашингтон. 6 ақпан. ИНТЕРФАКС – АҚШ Қарулы күштері Тынық мұхитында есірткі тасымалдаумен айналысқан деген күдікке ілінген кемеге соққы жасады. Бұл туралы жұма күні АҚШ Қарулы күштерінің Оңтүстік қолбасшылығы хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 5 ақпанда Southern Spear біріккен жедел тобы террористік ұйымдармен байланысы бар деп танылған құрылымдар басқарған кемеге дәлме-дәл әскери соққы берген. Барлау деректері аталған кеменің Тынық мұхитының шығыс бөлігінде белгілі есірткі тасымалдау бағыттарымен жүргенін және заңсыз есірткі айналымына қатысы болғанын растаған.

Операция нәтижесінде екі адам қаза тапқан. АҚШ әскери қызметшілері арасында зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, өткен жылдың қыркүйек айынан бері АҚШ Тынық мұхитында және Кариб теңізі аумағында есірткі тасымалдауға күдікті кемелерге қатысты осындай операцияларды мерзімді түрде жүргізіп келеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Трамп Вашингтонда салтанатты арканы ұшқышсыз ұшу аппараттары мен снайперлерді орналастыру үшін пайдалануды жоспарлап отыр

Вашингтонда салынуы жоспарланып отырған салтанатты аркада әскери мақсаттағы жабдықтар орнатылады, деп мәлімдеді жексенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамп.

Чилидің экс-президенті Бачелет БҰҰ бас хатшысы қызметі үшін күрестен бас тартады

Чилидің бұрынғы президенті Мишель Бачелет БҰҰ бас хатшысы қызметі үшін күресті тоқтататынын мәлімдеді.

Трамп ЖИ бойынша арнайы құрылымдар құру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді

АҚШ Президенті Дональд Трамп бұл саланың одан әрі дамуына қатысты мәселелерді шешуге қатысу үшін «жасанды интеллект күштерін» — арнайы құрылым құратынын мәлімдеді.

КХДР шығыс бағытта тағы бір зымыран ұшырды

Оңтүстік Корея әскери қолбасшылығының деректеріне сілтеме жасай отырып «Ренхап» агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні КХДР армиясы Жапон теңізі бағытында тағы бір зымыран ұшырды.