Евразия24Ушыққан мәселеНурлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынды

Нурлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынды

|

|

6 ақпанда белгілі ресейлік стендап-комик, Қазақстан Республикасының азаматы Нұрлан Сабуровтың Дубайдан Мәскеуге ұшып келгені белгілі болды. Внуково әуежайында оған Ресей аумағына 2076 жылға дейін кіруге тыйым салынғаны ресми түрде хабарланған. Осыдан кейін әртіс Дубайға кері оралмай, Алматы қаласына билет сатып алғаны айтылды.

«РИА Новости» агенттігінің мәліметінше, аталған шектеу 30 қаңтарда Ресейдің ұлттық қауіпсіздігі мүддесіне байланысты енгізілген.

Жарияланымда атап өтілгендей, Нұрлан Сабуров Ресей аумағында миграциялық талаптар мен салық заңнамасын сақтамай табыс тапқан. Атап айтқанда, 2024 жылдың өзінде ол 50 миллион рубльден астам кірісін декларациялаған. Сондай-ақ, табысын заңсыз әрекет еткен делдалдар арқылы заңдастыруға талпынғаны көрсетіледі.

Алайда бірқатар өзге бұқаралық ақпарат құралдары бұл шектеудің негізгі себебі қаржылық немесе көші-қон мәселелері емес, саяси сипатта болуы мүмкін екенін алға тартады. Lenta.ru басылымы Mash дереккөзіне сілтеме жасап хабарлағандай, Сабуровтың Ресейге кіруіне тыйым салынуына оның арнайы әскери операцияға қатысты сыни пікірлері де себеп болған.

Shot телеграм-арнасы Нұрлан Сабуровтың Ресейде қалатын мүлкін есептеп шықты. Арнаның мәліметінше, елге кіруге 50 жылға тыйым салынғаннан кейін әзілкештің Ресей аумағында жалпы құны шамамен 160 миллион рубльге бағаланатын активтері қалып отыр. Атап айтқанда, Сабуров 2022 жылдың ақпан айында қымбат қала маңындағы қоныстан екі қабатты тұрғын үй сатып алған. Үймен бірге «Новорижский» тұрғын үй кешенінде орналасқан, аумағы 1285 шаршы метр болатын жер телімі де оның меншігінде. Бұл жерде ол жұбайы және үш баласымен тұрған. Аталған жылжымайтын мүліктің жалпы құны шамамен 130 миллион рубльге бағаланады. Сонымен қатар, оның иелігінде 2018 жылы шығарылған, ерекше SBR нөмірлі Mercedes-Benz G-Class көлігі бар, оның құны шамамен 20 миллион рубльді құрайды. Бұдан бөлек, 2021 жылғы Cadillac Escalade автокөлігі де тіркелген, оның нарықтық бағасы 11 миллион рубль шамасында.

Ресейге кіруге тыйым салу туралы ресми құжат тапсырылғанға дейін Нұрлан Сабуровтың Ресейдің бірқатар қалаларында, атап айтқанда, Екатеринбург, Омбы, Нижний Тагил, Қорған, Рязань және Обнинскте жоспарланған концерттері тоқтатылды.
Shot телеграм-арнасының жазуынша, іс-шара ұйымдастырушылары мұны “форс-мажорлық жағдай» деп түсіндіріп, көрермендерге билеттің ақшасы 180 күн ішінде қайтарылатынын хабарлаған.

34 жастағы өнер иесі 1991 жылы Қазақстанда, Степногорск қаласында дүниеге келген. Мектеп бітірген соң Екатеринбургке қоныс аударып, Урал федералдық университетіне оқуға түседі. Дәл осы оқу орнында ол КВН құрамасында өнер көрсетіп, әзіл-сықақ жолындағы алғашқы қадамдарын жасайды.
2014 жылы Stand Up жобасындағы «Ашық микрофонда» сәтті өнер көрсеткеннен кейін Мәскеуге көшіп, кәсіби мансабын жаңа деңгейге көтерді.

Елге оралуыңмен, Нұрлан!

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Huawei 2031 жылға қарай әлемдегі озық чип өндірушілерін қуып жетуді көздеп отыр

Қытайдың Huawei Technologies компаниясы 2031 жылға қарай Intel Corp. және басқа да әлемдік жетекші компаниялардың ең озық өнімдерімен тең деңгейдегі чиптер шығаруға мүмкіндік беретін шешім тапқанын мәлімдеді.

Ауғандарды мәжбүрлі түрде депортациялау адам құқықтарының өрескел бұзылуына әкелуі мүмкін – БҰҰ

Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк елдерді ауған босқындары мен баспана іздеушілерді мәжбүрлі түрде депортациялауды тоқтатуға шақырды. Оның айтуынша, мұндай тәжірибе адам құқықтары мен босқындарды қорғау саласындағы халықаралық нормаларды бұзады.

Владимир Путин 27-29 мамыр аралығында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Ресей президенті Владимир Путин 27-29 мамыр аралығында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлады Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.

Қазақстан үкіметі Алматы облысында 32,5 млрд теңгеге фармзауыт салу жобасын мақұлдады

Қазақстан үкіметі Алматы облысындағы «Алатау» арнайы экономикалық аймағында толық циклді биофармацевтикалық кешен салу жобасын мақұлдады. Жобаның жалпы құны – 32,5 млрд теңге.