Евразия24ЖаңалықтарБАӘ әскери күштері Иранға соққы жасалғанын жоққа шығарды

БАӘ әскери күштері Иранға соққы жасалғанын жоққа шығарды

|

|

Иерусалим. 8 наурыз. ИНТЕРФАКС – Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі ел армиясы жексенбі күні Ирандағы азаматтық нысанға соққы жасамағанын мәлімдеді. Бұл туралы The Jerusalem Post басылымы хабарлады.

Басылымның жазуынша, БАӘ-нің жоғары лауазымды өкілі Әмірліктердің Ирандағы суды тұщыландыру станциясына жасалған шабуылға қатысы бар деген ақпаратты жоққа шығарған.

Бұған дейін The Jerusalem Post дереккөздерге сілтеме жасап, БАӘ қарулы күштері қазіргі қақтығыс басталғалы алғаш рет Иранға соққы жасады деп хабарлаған еді. Мәліметтерге сәйкес, нысана ретінде суды тұщыландыру станциясы таңдалған.

Соңғы күндері Иран әскери күштері аумағында АҚШ әскери базалары орналасқан бірқатар араб елдеріне соққылар жасаған.

Ақпан айының соңында АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастаған болатын.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Парсы шығанағындағы соғыс және әлемдік мұнай нарығы

Иранның АҚШ пен Израильдің шабуылына жауап ретінде Ормуз бұғазын жабуы тек Эпштейн коалициясына ғана әсер етіп отырған жоқ. Алайда қалыптасқан жағдайда Тегеранның басқа таңдауы жоқ деуге болады. Әлемдік нарыққа «қара алтынның» жеткізілуінің үзілуі және Парсы шығанағындағы мұнай инфрақұрылымының нысанаға алынуы халықаралық энергетикалық әрі экономикалық ортада үлкен алаңдаушылық туғызбай қоймайды. Қалыптасқан жаңа жағдай енді шындыққа айналды. Сондықтан оған барынша салмақты әрі ұтымды түрде бейімделудің жолдарын ойластыру қажет. Ормуз бұғазы – әлемдік мұнай жеткізілімінің шамамен 30 пайызы мен сұйытылған табиғи газдың (СПГ) 25 пайызы өтетін стратегиялық тар өткел.

ЕАЭО БҰҰ-мен тәжірибе алмасуда

Алғаш қарағанда бұл кездесу ЕАЭО мен БҰҰ арасындағы диалогты ілгерілетуге бағытталған дипломатиялық қадам сияқты көрінеді. Алайда аталған құрылымдар арасындағы ынтымақтастық бұрыннан қалыптасқан.

18% деңгейіндегі базалық мөлшерлеме: Ұлттық банк жауабы

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдыру туралы шешімін түсіндіре отырып, баға өсімін уақытша баяулатуға әсер еткен бірқатар факторларды атап өтеді. Бұлар – әдетте қатаң ақша-несие саясаты қолданылған кезде пайдаланылатын стандартты құралдар.

Қазақстан ирандық босқындарды қабылдауға дайын ба?

Егер босқындар легі Қазақстан бағытына қарай бет алса, мемлекет оларды қабылдауға және орналастыруға институционалдық тұрғыдан қаншалықты дайын екенін қалай бағалайды?