Дубай. 8 наурыз. ИНТЕРФАКС – АҚШ пен Израиль әскери күштері жексенбіге қараған түні Тегеран қаласы мен оның маңындағы төрт мұнай қоймасына соққы жасаған. Бұл туралы ирандық бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.
Олардың мәліметінше, шабуылдар мұнай тасымалдау жүйесіне қатысты бір нысанға да бағытталған.
Соққылар салдарынан барлық нысандар зақымданып, өрт шыққан. Алайда NIORDC мұнай компаниясының дерегінше, өрттің таралуы бақылауға алынған.
Жексенбі күні таңертең Тегеран билігі соққылардан кейін жанармай сатуға шектеу енгізілгенін хабарлады: енді бір адамға тәулігіне 20 литрден артық жанармай берілмейді. EFE агенттігінің атап өтуінше, әскери іс-қимылдар басталғанға дейін де осындай шектеулер болған, ол кезде бір адамға 30–40 литр көлемінде жанармай сатуға рұқсат етілетін.
Мұнай қоймаларына жасалған шабуылдар экологиялық жағдайға да кері әсерін тигізді: Тегеран аспанында қара түсті түтін бұлттары пайда болды. Осыған байланысты жергілікті экологиялық ұйым тұрғындарға қышқылды жаңбыр қаупіне байланысты сыртқа шықпауға кеңес берді.




